Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жетістікке жетелеген жыл!" оқушыларды марапаттау кеші
22
май
2025
"Жетістікке жетелеген жыл!" оқушыларды марапаттау кеші
Бүгін мектебімізде ерекше толқу мен қуанышқа толы сәт өтті — оқу жылының қорытындысы ретінде «Жетістікке жетелеген жыл» атты оқушыларды марапаттау кеші ұйымдастырылды. Бұл кеш — тек марапаттау рәсімі ғана емес, бір жыл бойы жасалған еңбектің, табандылықтың, мақсатқа деген ұмтылыстың жемісі. Білім мен өнер, спорт пен тәртіп салаларында үздік шыққан оқушыларымыз арнайы алғыс хаттармен, дипломдармен, медальдармен марапатталды. Әр марапат — олардың еңбекқорлығы мен талпынысының нәтижесі. Шара
Бастауышпен қоштасу
19
май
2025
Бастауышпен қоштасу
19 мамыр - 4 сынып оқушылары үшін ерекше күн болды — бастауыш сыныппен қоштасу!Төрт жыл бұрын мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндер енді бой түзеп, жаңа білім белестеріне жол тартып барады. Осы уақыт ішінде олар тек әріп пен есеп үйреніп қана қоймай, достықты, тәртіпті, жауапкершілікті бойларына сіңірді. Алда орта буын, жаңа ұстаздар, жаңа сабақтар… Бірақ бастауыштың ізі әрқашан жүректе қалары анық.
“Әкем, анам және мен – спорттық отбасы!”
17
май
2025
“Әкем, анам және мен – спорттық отбасы!”
17 мамыр күні "Отбасы күніне" орай мектебімізде ерекше көңілді әрі мағыналы іс-шара – қалалық “Әкем, анам және мен – спорттық отбасы” атты жарыс өтті. Бұл сайыс – тек спорттық бәсеке ғана емес, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген қолдауы мен ауызбіршілігін, салауатты өмір салтын ұстану мәдениетін дәріптейтін үлкен мереке! Отбасылар бір команда болып, түрлі спорттық эстафеталар мен қызықты тапсырмаларда бақ сынасты. Қатысушылардың көзіндегі от пен жеңіске деген жігер, балалардың ата-аналарымен
Біртұтас тәрбие идеялары мен тиімді әдіс-тәсілдер арқылы бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік дағдыларын дамыту
13
май
2025
Біртұтас тәрбие идеялары мен тиімді әдіс-тәсілдер арқылы бастауыш
Бүгін мектебімізде “Біртұтас тәрбие идеялары мен тиімді әдіс-тәсілдер арқылы бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік дағдыларын дамыту” тақырыбында мазмұнды қалалық семинар өтті.  Семинар мақсаты: Тұлғаның қоғамда өсіп, дамуына, бейімделуіне және толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік беретін коммуникативті дағдыларды дамыту, қарым-қатынасқа түсу және қарым-қатынас мәдениетін, басқа адамдардың пікірлері мен сезімдерін тыңдай білуге үйретудің тиімді тәсілдерін пайдалану және біртұтас тәрбие
Оқушы жетістігі
12
май
2025
Оқушы жетістігі
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 7-ші Халықаралық ғылыми жоба байқауында  9 “Ә” сынып оқушысы Қожабек Ақниет  ІІІ орын  иеленді!   Жетекшісі Нурхан Заманбековнаға  алғысымызды білдіреміз!   Алға қойған мақсаттарыңыз биік, жетістіктеріңіз тұрақты болсын!
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына – рух пен бірлікке толы доп додасы!
02
май
2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына – рух пен бірлікке толы доп додасы!
Бүгін мектебімізде мұғалімдер мен оқушылар арасында футболдан достық кездесу өтті. Бұл тек жарыс емес, ұрпақтар сабақтастығы мен жеңіс рухына деген тағзым! Іс-шараның мақсаты: Оқушылар мен мұғалімдер арасында патриоттық сезімді нығайту, Ұлы Жеңістің 80 жылдығын лайықты түрде атап өту, салауатты өмір салтын насихаттау және ұрпақтар арасындағы рухани байланысты күшейту. Көңілді, қызықты әрі патриоттық рухқа толы күн үшін барша қатысушыларға алғыс айтамыз!
Сейсможаттығу - қауіпсіздікке бастар қадам!
30
апрель
2025
Сейсможаттығу - қауіпсіздікке бастар қадам!
Алматы қаласы ТЖ Департаменті Алмалы ауданы ТЖ бөлімінің білім беру мекемелерінде азаматтық қорғаныс саласындағы жаттығуларды өткізу жоспарына сәйкес М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназиясында 30 сәуір сағат 11:00-де сейсмикалық жаттығу өткізілді.  Жаттығу барысында оқу ғимаратында жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, оқушылар мен мұғалімдер шұғыл эвакуация тәртібін тәжірибе жүзінде орындады. Мақсат — төтенше жағдай туындаған кезде әр адамның өзін және
"БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА"  — бірлік пен татулықтың жарқын көрінісі!
30
апрель
2025
"БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА" — бірлік пен татулықтың жарқын көрінісі!
Бүгін мектебімізде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған “Бір шаңырақ астында” атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның басты мақсаты — оқушыларды ел ішіндегі ұлттар мен ұлыстардың татулығына, мәдени сан алуандығына құрметпен қарауға тәрбиелеу, өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрін танып-білуге баулу. Оқушылар түрлі этностардың ұлттық киімдерін киіп, әдет-ғұрыптарын таныстырды. Ән мен би, көріністер мен тағам көрмесі арқылы әр ұлттың бай мәдениеті паш етілді. Әсіресе, балалардың
«Ұлы Жеңістің 80 жылдығына» арналған мектепішілік әскерилендірілген жарыс
28
апрель
2025
«Ұлы Жеңістің 80 жылдығына» арналған мектепішілік әскерилендірілген
Биыл біз “Ұлы Жеңістің 80 жылдығын” ерекше құрметпен атап өтудеміз. Осыған орай мектебімізде патриоттық рухты дәріптеу мақсатында мектепішілік әскерилендірілген жарыс ұйымдастырылды. Жарыс барысында оқушылар өздерінің тапқырлығын, білімдерін және ұйымшылдықтарын көрсетті. Әр қатысушы батырлар ерлігін сезініп, тарихтың маңыздылығын терең ұғынды. Шара жоғары деңгейде өтіп, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен батырларға деген шынайы құрмет сезімін оятты. Ұлы Жеңіс – ұрпақтар сабақтастығының
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ: Шетелдік тәжірибелерге талдау
16
апрель
2025
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ: Шетелдік тәжірибелерге талдау
Бүгін мектебімізде «Ұлттық құндылықтар және білім беру: Шетелдік тәжірибелерге талдау» тақырыбында қалалық семинар өтті.  Семинардың басты мақсаты: Ұлттық құндылықтарды білім беру жүйесінде сақтап, дамыту мақсатында шетелдік тәжірибелерді талқылау, оларды өз елімізде тиімді қолданудың жолдарын анықтау. Семинар бағдарламасы аясында мектеп директоры Төреқұлов Талғар Талғатұлы Оңтүстік Кореяға жасаған іс-сапары нәтижесінде алған құнды тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстан мен Оңтүстік Корея