Қарттарым-асыл қазынам
Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен оқушылардың бойында үлкенді қадірлеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, халқымыздың салт- дәстүрінен нәр алуға, мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында 28- қыркүйек күні 8 «А» сынып оқушыларымен "Қарттарым-асыл қазынам" тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға әр сыныптан ардагер ата-әжелерді шақырып, құрмет көрсетілді. Ардагер ата-әжелеріміз өз естеліктерімен бөлісіп, оқушыларға жақсы тілектерін айтып, қорытындылады.