Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
май
2025

“Әкем, анам және мен – спорттық отбасы!”

17 мамыр күні "Отбасы күніне" орай мектебімізде ерекше көңілді әрі мағыналы іс-шара – қалалық “Әкем, анам және мен – спорттық отбасы” атты жарыс өтті. Бұл сайыс – тек спорттық бәсеке ғана емес, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген қолдауы мен ауызбіршілігін, салауатты өмір салтын ұстану мәдениетін дәріптейтін үлкен мереке!

Отбасылар бір команда болып, түрлі спорттық эстафеталар мен қызықты тапсырмаларда бақ сынасты. Қатысушылардың көзіндегі от пен жеңіске деген жігер, балалардың ата-аналарымен иық тірестіре өнер көрсеткен сәттері – бәрі көрермендердің ыстық қолдауына ие болды. 💥

🔹 Бұл шараның басты мақсаты – балалар мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайту, отбасылық құндылықтарды насихаттау және спортқа деген сүйіспеншілікті арттыру.
🔹 Барлық қатысушылар белсенділік танытып, өздерінің мықты команда екендерін дәлелдеді!

Барша қатысқан отбасыларға, ұйымдастырушылар мен жанкүйерлерге үлкен алғыс білдіреміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: