16
апрель
2025
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ: Шетелдік тәжірибелерге талдау
Бүгін мектебімізде «Ұлттық құндылықтар және білім беру: Шетелдік тәжірибелерге талдау» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинардың басты мақсаты: Ұлттық құндылықтарды білім беру жүйесінде сақтап, дамыту мақсатында шетелдік тәжірибелерді талқылау, оларды өз елімізде тиімді қолданудың жолдарын анықтау.
Семинар бағдарламасы аясында мектеп директоры Төреқұлов Талғар Талғатұлы Оңтүстік Кореяға жасаған іс-сапары нәтижесінде алған құнды тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстан мен Оңтүстік Корея мемлекеттерінің білім беру жүйесіне салыстырмалы талдау жасады.
Сонымен қатар, Республикалық Ұлттық құндылықтар академиясының алқа мүшесі, ҰҚАнің корреспондент мүшесі, шетелдік байланыстарды орнату және дамыту бөлімінің жетекшісі, Абай атындағы ҚазҰПУ университетінің PhD докторы – Шашаева Гүлбақыт Қадыржанқызы «Ұлттық білім беру жүйелеріндегі халықаралық тәжірибені бейімдеу: Қазақстандық тәжірибе» тақырыбында баяндама жасады.
Одан бөлек, мектебіміздің білікті мұғалімдері ашық сабақтар өткізіп, семинар соңында Нурсейтова Нуржанат Омирболатовна “Табысты мұғалімнің құпиялары” атты керемет тренинг жүргізді.
Бұл семинар ұстаздардың біліктілігін арттырып, оқыту сапасын жақсартуға үлес қосатынына сенімдіміз.