30
апрель
2025
Сейсможаттығу - қауіпсіздікке бастар қадам!
Алматы қаласы ТЖ Департаменті Алмалы ауданы ТЖ бөлімінің білім беру мекемелерінде азаматтық қорғаныс саласындағы жаттығуларды өткізу жоспарына сәйкес М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназиясында 30 сәуір сағат 11:00-де сейсмикалық жаттығу өткізілді.
Жаттығу барысында оқу ғимаратында жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, оқушылар мен мұғалімдер шұғыл эвакуация тәртібін тәжірибе жүзінде орындады.
Мақсат — төтенше жағдай туындаған кезде әр адамның өзін және айналасындағыларды қорғау дағдыларын қалыптастыру.
Жаттығу кезінде барлық оқушылар дабыл белгісін ести салысымен қауіпсіз орындарға жасырынып, мұғалімдердің жетекшілігімен мектеп ауласында белгіленген орынға эвакуацияланды.
Мұндай жаттығулар балалардың қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттырып, қандай да бір төтенше жағдай болғанда абыржымай, дұрыс әрекет етуге үйретеді.
Қауіпсіздік — біліммен бірге берілетін маңызды құндылық!
https://www.instagram.com/reel/DJD5HF0MVdP/?igsh=MWNocW5zeXh4YnFhdA==