Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА" — бірлік пен татулықтың жарқын көрінісі!
30
апрель
2025

"БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА" — бірлік пен татулықтың жарқын көрінісі!

Бүгін мектебімізде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған “Бір шаңырақ астында” атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның басты мақсаты — оқушыларды ел ішіндегі ұлттар мен ұлыстардың татулығына, мәдени сан алуандығына құрметпен қарауға тәрбиелеу, өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрін танып-білуге баулу.

Оқушылар түрлі этностардың ұлттық киімдерін киіп, әдет-ғұрыптарын таныстырды. Ән мен би, көріністер мен тағам көрмесі арқылы әр ұлттың бай мәдениеті паш етілді. Әсіресе, балалардың ынта-жігерімен дайындалған өнерлері мен сахналық қойылымдары көрермендердің жүрегінен орын алды.

Мектебіміздің оқушылары бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан көпұлтты Қазақстанның татулығын мақтан тұтатынын көрсете білді. Бұл күн — достық пен ынтымақты нығайтуға бағытталған үлкен тәрбиелік мәні бар шара болды.

Бірлігіміз бекем, болашағымыз нұрлы болсын!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: