Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы мектеп ұжымында талқыланды
10
сентябрь
2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы мектеп ұжымында
Бүгін мектебімізде ҚР Президентінің 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша жиын өтті. Кездесуде ұстаздар Жолдауда айтылған негізгі бағыттармен, соның ішінде білім беру сапасын арттыру, заманауи оқу бағдарламаларын жетілдіру, оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау мәселелерімен танысты. Жиын барысында мұғалімдер жаңа міндеттерді жүзеге асыру жолдарын талқылап, пікір алмасты. Әсіресе, жастардың құзыреттілігін арттыру, білім беруде инновациялық әдістерді қолдану және салауатты
«Салауатты өмір салты – оқу процесінің маңызды бөлігі»
09
сентябрь
2025
«Салауатты өмір салты – оқу процесінің маңызды бөлігі»
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 22 тамыздағы №3-05-4/5704-И хатына сәйкес, 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап оқу-тәрбие процесіне дене шынықтыруға арналған қысқа жаттығулар енгізілуде. Осыған орай, бүгін мектебімізде 1-11 сынып оқушыларына 3 минуттық дене жаттығуы ұйымдастарылды.
«Мектептегі қолайлы психологиялық орта — табысты оқытудың кепілі»
05
сентябрь
2025
«Мектептегі қолайлы психологиялық орта — табысты оқытудың кепілі»
Бүгін мектебімізде жаңадан келген әріптестерімізбен бейресми әрі мазмұнды кездесу өтті. Бұл шараның басты мақсаты – жаңа оқу жылының табысты басталуына оң ықпал ету, ұжым ішінде қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру және әрбір ұстаздың кәсіби әрі рухани тұрғыда қолдау табуына мүмкіндік жасау. Кездесу барысында ұжымда ынтымақтастық пен өзара түсіністікті нығайтудың маңызы атап өтілді. Жаңа әріптестеріміз мектеп өмірімен, дәстүрлерімен және ұжымдық құндылықтармен танысты. Сонымен қатар,
"Мектебім - мейірім мекені" алғашқы қоңырау
01
сентябрь
2025
"Мектебім - мейірім мекені" алғашқы қоңырау
Бүгін мектебіміздің алаңы шаттыққа толып, жаңа оқу жылының қоңырауы соғылды. Бұл күн – оқушылар, ұстаздар және ата-аналар үшін ерекше мереке. Әсіресе, алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған балғын бүлдіршіндеріміз үшін бұл сәт мәңгі есте қалады. 🌟 Жаңа оқу жылы – жаңа арман, жаңа мақсат, жаңа жетістіктерге бастайтын үлкен қадам. Оқушыларымызға толағай табыс, ал ұстаздарымызға сарқылмас күш-қуат пен шығармашылық шабыт тілейміз. Білімге бастайтын әрбір күн сәттілікке толы болсын! Жаңа оқу жылы
"Мектепке жол" республикалық акциясы
20
август
2025
"Мектепке жол" республикалық акциясы
Құрметті ата-аналар, ұстаздар және мектеп қауымдастығы! 2025 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында мектебімізде дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтуде. Акцияның басты мақсаты – әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы және қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылардың балаларын жаңа оқу жылына дайындауға көмектесу. Бұл – балалардың толыққанды білім алуына жағдай жасау, олардың мектепке баруына кедергі келтіретін әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған маңызды
Аттестат табыстау рәсімі
13
июнь
2025
Аттестат табыстау рәсімі
Бүгін мектебімізде негізгі орта білім бітіруші түлектерге аттестат табыстау рәсімі өтті. 9 жыл бойы бірге оқыған шәкірттеріміз алғашқы үлкен белесті артқа қалдырды. Олардың әрқайсысының жүрегінде үміт, көздерінде жарқын болашақ бар. Аттестат – тек құжат емес, бұл — табандылық пен еңбектің жемісі.  Қуанышты сәттер, ұстаздардың ақылы мен достардың қолдауы – бәрі бір естелікке айналды. Оқушыларымызға жарқын болашақ, білім жолында сәттілік пен биік жетістіктер тілейміз!
"Балдәурен" мектеп лагерінің жабылуы
09
июнь
2025
"Балдәурен" мектеп лагерінің жабылуы
«Балдәурен» мектеп жанындағы лагерь маусымын сәтті аяқтады! Балалар шығармашылықпен айналысып, жаңа достар тапты, қызықты демалыс өткізді. Әр таң қызықты ойындармен басталып, шығармашылық пен спорттық шараларға, шеберлік сабақтарына ұласты. Ұйымдастырушыларға, тәрбиешілерге және қатысқан әр балаға алғысымыз шексіз. Бұл естеліктер әр жүректе сақталып, жаңа оқу жылына шабыт болады деп сенеміз. ​https://www.instagram.com/reel/DKrYemgsbcj/?igsh=NWdkajRld24zOHpw​​​
Мемлекеттік рәміздер - Тәуелсіздіктің нышаны!
04
июнь
2025
Мемлекеттік рәміздер - Тәуелсіздіктің нышаны!
Бүгін лагерьде еліміздің басты құндылықтарының бірі – мемлекеттік рәміздер туралы ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының рәміздері туралы мағлұмат беру, олардың мәнін түсіндіру және отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру. Ақпараттық сағат барысында оқушыларға Ту, Елтаңба және Әнұран туралы кең көлемде түсінік берілді. Мемлекеттік рәміздердің әрқайсысының шығу тарихы, мағынасы мен авторлары таныстырылды. Балалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
“Балдәурен” – шаттық пен шабытың мекені!
26
май
2025
“Балдәурен” – шаттық пен шабытың мекені!
Жаздың ең жарқын, қуанышты сәттері басталды! Бүгін мектеп жанындағы “Балдәурен” лагерінде алғашқы күн өтуде — балалардың жүзінде қуаныш, жүрегінде толқу! Алда бізді: - Күн сайынғы қызықты ойындар мен жарыстар - Шығармашылық үйірмелер мен шеберлік сағаттары - Белсенді қозғалыс пен спорттық эстафеталар - Танымдық, көңілді кештер мен достыққа толы атмосфера күтуде! Бұл жаз – шын мәніндегі бақытты балалық шақтың жарқын беті!  “Балдәурен” – шаттық пен шабытың мекені!
Соңғы қоңырау – 2025
24
май
2025
Соңғы қоңырау – 2025
Бүгін мектебіміздің 11-сынып түлектері үшін ерекше күн – соңғы қоңырау соғылды. Бұл – бала шақпен, алтын ұя мектебімен қоштасу ғана емес, үлкен өмірге бастар алғашқы қадам. Әр түлек үшін бұл күн – сағыныш пен қуанышқа, толқу мен үмітке толы сәт. 11 жыл бұрын қолдарына қалам ұстап, мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршіндер бүгінде болашаққа нық қадам басқан үлкен азаматтарға айналды. Бұл – ұстаздардың төккен тері мен ата-аналардың қолдауының жемісі. Соңғы қоңырау – жаңа белестердің бастауы.