Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектептегі қолайлы психологиялық орта — табысты оқытудың кепілі»
05
сентябрь
2025

«Мектептегі қолайлы психологиялық орта — табысты оқытудың кепілі»

Бүгін мектебімізде жаңадан келген әріптестерімізбен бейресми әрі мазмұнды кездесу өтті. Бұл шараның басты мақсаты – жаңа оқу жылының табысты басталуына оң ықпал ету, ұжым ішінде қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру және әрбір ұстаздың кәсіби әрі рухани тұрғыда қолдау табуына мүмкіндік жасау.

Кездесу барысында ұжымда ынтымақтастық пен өзара түсіністікті нығайтудың маңызы атап өтілді. Жаңа әріптестеріміз мектеп өмірімен, дәстүрлерімен және ұжымдық құндылықтармен танысты. Сонымен қатар, оқу-тәрбие үдерісінде тиімді қарым-қатынас орнатудың жолдары талқыланып, пікір алмасу жүргізілді.

Мектептегі қолайлы психологиялық орта – білім сапасының артуына, оқушылардың дамуына, ұстаздар еңбегінің нәтижелілігіне тікелей әсер ететін маңызды фактор. Осыған орай, біз әріптестер арасындағы өзара қолдауға, ынтымақтастыққа және сыйластыққа баса назар аударамыз.

Жаңа оқу жылында барлық ұстаздарымызға шығармашылық табыс, жемісті еңбек және биік жетістіктер тілейміз.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: