10
сентябрь
2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы мектеп ұжымында талқыланды
Бүгін мектебімізде ҚР Президентінің 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша жиын өтті.
Кездесуде ұстаздар Жолдауда айтылған негізгі бағыттармен, соның ішінде білім беру сапасын арттыру, заманауи оқу бағдарламаларын жетілдіру, оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау мәселелерімен танысты.
Жиын барысында мұғалімдер жаңа міндеттерді жүзеге асыру жолдарын талқылап, пікір алмасты. Әсіресе, жастардың құзыреттілігін арттыру, білім беруде инновациялық әдістерді қолдану және салауатты өмір салтын қалыптастыруға қатысты бастамаларға ерекше назар аударылды.
Мектеп ұжымы Мемлекет басшысының білім саласына қатысты тапсырмаларын қолдай отырып, алдағы оқу жылында сапалы нәтижеге жету үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізді.

