Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
май
2025

Соңғы қоңырау – 2025

Бүгін мектебіміздің 11-сынып түлектері үшін ерекше күн – соңғы қоңырау соғылды. Бұл – бала шақпен, алтын ұя мектебімен қоштасу ғана емес, үлкен өмірге бастар алғашқы қадам. Әр түлек үшін бұл күн – сағыныш пен қуанышқа, толқу мен үмітке толы сәт.
11 жыл бұрын қолдарына қалам ұстап, мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршіндер бүгінде болашаққа нық қадам басқан үлкен азаматтарға айналды. Бұл – ұстаздардың төккен тері мен ата-аналардың қолдауының жемісі.

Соңғы қоңырау – жаңа белестердің бастауы. Құрметті түлектер, алда үлкен сынақтар мен мүмкіндіктер күтіп тұр. Армандарыңыз асқақ, жолдарыңыз ашық болсын! Өмір жолында кездескен әр қиындықты қайсарлықпен жеңіп, биіктерден көрініңіздер.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: