Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
июнь
2025

Мемлекеттік рәміздер - Тәуелсіздіктің нышаны!

Бүгін лагерьде еліміздің басты құндылықтарының бірі – мемлекеттік рәміздер туралы ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының рәміздері туралы мағлұмат беру, олардың мәнін түсіндіру және отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру.

Ақпараттық сағат барысында оқушыларға Ту, Елтаңба және Әнұран туралы кең көлемде түсінік берілді. Мемлекеттік рәміздердің әрқайсысының шығу тарихы, мағынасы мен авторлары таныстырылды.

Балалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының көк түсі – бейбітшілік пен ашық аспанның, ал күн мен қыран бейнесі – еркіндік пен болашаққа ұмтылыстың символы екенін білді. Елтаңбадағы шаңырақ пен қанатты тұлпарлар – бірлік пен мәңгілік ел идеясын білдіреді. Әнұран орындалған кезде оқушылар құрметпен тыңдап, мемлекеттік рәміздерге деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Бұл ақпараттық сағат балалардың патриоттық сезімдерін арттырып, еліміздің құндылықтарын тереңірек түсінуге ықпал етті. 






Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: