2 «В» сынып оқушыларымен “Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!” тақырыбында мерекелік кеш өткізілді. » КГУ «Школа-гимназия №136 имени М.Дулатова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2 «В» сынып оқушыларымен “Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!” тақырыбында мерекелік кеш өткізілді.
20
март
2022

2 «В» сынып оқушыларымен “Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!” тақырыбында мерекелік кеш өткізілді.

☀️☀️☀️☀️☀️
2 «В» сынып оқушыларымен “Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!” тақырыбында мерекелік кеш өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, “Наурыз” қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
☀️Мерекелік кеште шәкірттеріміз «Наурыз» думан тойына ең қызықты арнайы дайындалған мерекелік ән-би шашуларын тарту етіп, ата-аналарымыз «Сыбаға» дәстүрінің мән-мағынасын ашып көрсетті.
☀️Жарасты әрі әдемі дәстүрлеріміздің бірі, құрметті адамға, сыйлы қонаққа, жақын-жуыққа немесе жырақта жүрген үй-ішінің бір мүшесіне арнайы сақталған тиесілі кәделі мүше ұсынылатын дәстүр – сыбаға деп аталады. 
Яғни, халқымыздың бір-біріне сыйластығын білдіретін дәстүрлердің бірі. Жиын-тойға келе алмай қалған қадірлі қонақтарына, жақын туыстарына немесе соғым сойғанда арнайы жақындарына бөлінген мүшелерді «сыбаға» дейді. «Өкпе бер, бауыр бер, сыбағамды тәуір бер» деп мән берілетін халқымызда сыбаға беру дәстүрі бұрыннан қалыптасқан. Ел аузында «Үйіме қонып, әкеңнің сыбағасын жеп кет» деген де сөз бар. Оның себебі адамдардың жасы мен мәртебесіне сай тартылатын малдың белгілі мүшелері де «сыбаға» деп аталуынан.
Балалары үшін барлық жағдайды жасап, мектепішілік іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау жасаған барлық ата-аналарымызға рақмет.
Шәкірттеріміз ұлттық құндылықтарды бойына дарытып, салт-дәстүрімізді бойларына сіңірді. Қазақ тілінің, дәстүрінің қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосты.
Сынып жетекшісі Рахметуллаева Гулманат 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: