4 «Ә» сыныбында «Төрлет, төрлет Наурыз!» тақырыбында мерекелік іс-шара өте жоғары деңгейде өтті » КГУ «Школа-гимназия №136 имени М.Дулатова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 4 «Ә» сыныбында «Төрлет, төрлет Наурыз!» тақырыбында мерекелік іс-шара өте жоғары деңгейде өтті
18
март
2022

4 «Ә» сыныбында «Төрлет, төрлет Наурыз!» тақырыбында мерекелік іс-шара өте жоғары деңгейде өтті

4 «Ә» сыныбында «Төрлет, төрлет Наурыз!» тақырыбында мерекелік іс-шара өте жоғары деңгейде өтті.
Мерекелік іс-шараның мақсаты: 
⚜Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау.
⚜ Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру.
⚜ Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. 
⚜Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. 
4 «Ә» сынып оқушылары, аса қасиетті - Наурыз көжеден дәм тата отырып, өздеріне бөлініп берілген  қазақтың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі тұсау кесу дәстүрін өз дәрежесінде көрсетті. 
Тұсаукесер – сәби бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң, қаз тұрып, тәй-тәй басқанда жасалатын дәстүр. Бала екі табанымен тұрып, алғашқы қадам жасауға талпына бастаған сәтте дана қазақ “баламыз тез жүріп кетсін” деген ниетпен, сәбидің тұсауын кестіріп, думандатын той жасайды.
 Дастархан тәтті-дәмді ұлттық  тағамдарға толы болды. Бұл дәмнен барлығы ауыз тиіп, үстел басындағы оқушылар бір-біріне ақ тілектерін жаудырды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: