2 «Б» сыныбында «Наурыз - жыл басы» тақырыбында мерекелік кеш өтті. » КГУ «Школа-гимназия №136 имени М.Дулатова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2 «Б» сыныбында «Наурыз - жыл басы» тақырыбында мерекелік кеш өтті.
20
март
2022

2 «Б» сыныбында «Наурыз - жыл басы» тақырыбында мерекелік кеш өтті.

🎭🎭🎭🎭
2 «Б» сыныбында «Наурыз - жыл басы» тақырыбында мерекелік кеш өтті. 
Мерекелік  кештің  мақсаты: 
☀️Қазақтың мейрамдары - Наурыз мейрамы туралы оқушыларға түсінік беру; ұлтжандылыққа, дәстүрлерді қастерлей білуге тәрбиелеу;
☀️ұйымшылдылыққа, өнерге баулу;
Мерекелік кеште шәкірттеріміз «Наурыз» думан тойына ең қызықты арнайы дайындалған мерекелік ән-би шашуларын тарту етіп, «Тарту таралғы» дәстүрін көрсетіп, шашу шашылды. Жеті түрлі дәмнен жасалған наурыз көже барша қонақтарға тарту етілді.
Халық таныған елдің құрметті адамдарына сый-сыяпат жасаудың бір жолы - оларға тарту-таралғы ұсыну. Бұл  - қалыптасқан ел дәстүрі. Бұл - біреуді байыту немесе біреуге жағыну емес, құрметтеу, сол адамның мәртебесін көтеру, еңбегін бағалау. Батырды, ақынды, шеберді, шешенді халық осылай бағалап, осылай сыйлаған. Мұндай тартуға жүйрік пен жорға, қара нар, қалы кілем, күмістелген ер-тоқым, құндыз бөрік, зер шапан, кісе белбеу тағы басқа қымбат бұйымдар жатады. Егер атағы шыққан адамдар келіп, оларға мұндай құрмет көрсете алмаса, жолдан жығылады. Бұл - азаматқа үлкен мін, кемшілік, әрі ұят іс, қатардан қалу деген сөз.
 Тарту - елдің кеңдігін көрсететін тәрбиелік мәні бар әдет-ғұрып.
Балалары үшін барлық жағдайды жасап, мектепішілік іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау жасаған барлық ата-аналарымызға рақмет.
Сынып жетекшісі Раханова Нұргүл Сексенбайқызы 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: