3"Ә" сынып оқушыларымен "Қош келдіңіз, әз Наурыз!" тақырыбында мерекелік кеш өткізілді » КГУ «Школа-гимназия №136 имени М.Дулатова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 3"Ә" сынып оқушыларымен "Қош келдіңіз, әз Наурыз!" тақырыбында мерекелік кеш өткізілді
19
март
2022

3"Ә" сынып оқушыларымен "Қош келдіңіз, әз Наурыз!" тақырыбында мерекелік кеш өткізілді

3"Ә" сынып оқушыларымен  "Қош келдіңіз, әз Наурыз!" тақырыбында мерекелік кеш өткізілді.
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу 
Мерекелік кеште шәкірттеріміз өздеріне бөлініп берілген «Байғазы беру» дәстүрі туралы түсініп, оны қолдана білді. Ұмыт болып бара жатқан ұлтымыздың салт-санасы жаңғырды.
 Байғазы — қазақ дәстүрінде үлкеннің кішіге, негізінен балаға беретін сыйлығы. Байғазыны, көбінесе, жасөспірім балалар, бойжеткен қыздар, бозбалалар жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда ағалары мен жеңгелерінен, әпке, әке-шеше, жанашыр жақын туыстарынан сұрайды. Үлкендер Байғазы (ақша, малдың төлі, т.б.) берумен бірге құтты болсын айтып, ізгі тілек білдіреді
Сынып жетекшісі Акжигитова Қарлығаш шәкірттерімен бірге ән айтып, күй шертіп, мерекелік кешті өте жоғары деңгейде өткізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: