3 «Б» сыныбында «Наурыз - жыл басы» тақырыбында мерекелік кеш өтті » КГУ «Школа-гимназия №136 имени М.Дулатова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 3 «Б» сыныбында «Наурыз - жыл басы» тақырыбында мерекелік кеш өтті
19
март
2022

3 «Б» сыныбында «Наурыз - жыл басы» тақырыбында мерекелік кеш өтті

💐💐💐💐💐
3 «Б» сыныбында «Наурыз - жыл басы» тақырыбында мерекелік кеш өтті. 
Мерекелік  кештің  мақсаты: 
💐Қазақтың мейрамдары - Наурыз мейрамы туралы оқушыларға түсінік беру; 
💐ұлтжандылыққа, дәстүрлерді қастерлей білуге тәрбиелеу;
💐ұйымшылдылыққа, өнерге баулу;
Мерекелік кеште сынып ата-аналары қонақтың өнерін ортаға салуын сұрайтын салт-дәстүріміз – қонақ кәде туралы көріністер қойып, дәстүріміз туралы түсіндіріп, оны қолдана білуді көрсетті. Ұмыт болып бара жатқан ұлтымыздың салт-санасы жаңғырды.
Қонақ кәде айту. Үй иесі қонағына «Қонақ кәде айта отырыңыз», – деп қолқа салатын болған. Ол – өлең айтыңыз, күй тартыңыз, өнер көрсетіңіз, деген тілек, қонақтың өнерін, қабілетін сынау, көңілді отыру. Сол себепті қазақтар баласын жастайынан ән айту, күй тарту тәрізді өнерге баулыған. Өйткені қонақкәде айта алмай қалу – ыңғайсыз жағдай.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: