3"А" сыныбында «Армысың, әз Наурыз!» тақырыбында мерекелік іс-шара өте жоғары деңгейде өтті » КГУ «Школа-гимназия №136 имени М.Дулатова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 3"А" сыныбында «Армысың, әз Наурыз!» тақырыбында мерекелік іс-шара өте жоғары деңгейде өтті
19
март
2022

3"А" сыныбында «Армысың, әз Наурыз!» тақырыбында мерекелік іс-шара өте жоғары деңгейде өтті

💐💐💐💐💐
3"А" сыныбында  «Армысың, әз Наурыз!» тақырыбында мерекелік іс-шара өте жоғары деңгейде өтті. 
Іс-шараның мақсаты: 
💐Оқушыларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру.
💐Халқына, өз еліне деген мақтаныш сезімін ояту, оның әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, тарихын, мәдениетін қастерлеуге тәрбиелеу
Мерекелік кеште ата-аналарымыз шәкірттерімізге қазақтың бала өсіру және тәрбиелеуге қатысты ертеден келе жатқан дәстүрлерінің бірі - "ашамайға мінгізу" дәстүрі және оның тәрбиелік мәні туралы түсінік беріп,  ашамайға мінгізу дәстүрін көрсетті. Бұл ғұрып қазақ арасында балалардың жас-жыныстық жағынан жіктелуін айғақтайтын тіршілік цикліне қатысты салттарының бірі. Қыз балаға тұлым қою, құлақ тесу рәсімдері өткізілсе, ер балаларды сүндетке отырғызып, айдар қойып,  алғаш рет  атқа мінгізу рәсімін өткізген. Мұны "ашамайға мінгізу" не "ашамай тойы", енді бір аумақтарда "ат мінгізу тойы"деп те атаған.
Баланы кез келген атқа не тайға отырғыза салмаған, оны көбіне бәсіреге берілген тайға отырғызады. Бала туған кезде немесе есі кіріп, оң солын таныған соң, "сүндет тойына" немесе мектепке барғанда атасы немесе өз әке шешесі оған тай атайды немесе шілдеханаға келген туған-туыстарыжас сәбиге бір құлын атайды. Мұны "бәсіре беру" дейді. "Бәсіре" атау баланың көңілін өсіреді, өмірге бейімделеді. Өз қатарына "бәсіре тайым бар" деп мақтанып, өсіп жүреді. Мұның бәрі баланың көңілін өсіріп, ынталандырып тәрбиелеудің бір жолы.
Сынып жетекшісі Асаубаева Бижамал Ыбраевна 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: