20
март
2022
2 "Ә" сынып оқушыларымен "Қош келдіңіз, әз Наурыз!" тақырыбында мерекелік кеш өте жоғары деңгейде өткізілді
2 "Ә" сынып оқушыларымен "Қош келдіңіз, әз Наурыз!" тақырыбында мерекелік кеш өте жоғары деңгейде өткізілді.
Мақсаты:
Сәлем беру, сәлем ету. Алыс жолдан келген жолаушы немесе сол елдің адамы ауыл ақсақалдарына немесе белгілі адамдарға әдейі іздеп келіп сәлем беру – қалыптасқан ұлттық дәстүріміз. Кейде «алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді» дегендей жөн білетін ақсақалдарымыздың өзі амандасуды да ұят көрмеген. Егер сәлем ер азаматтарға байланысты болса, сәлем берді деп айтылады.
Сондай-ақ, ақ жаулық тағып, келін деген асқақ атты иемденген нәзік жандыларымыз да үлкендерге сәлем салған. Ондайда, жанындағылар үлкендерге «пәленшенің келіні сәлем беріп жатыр» деп жеткізеді. Мұндайда көне көз қарияларымыз «Көп жаса, бақытты бол» деп бата қайырған. Егер сәлем әйел затына қатысты болса, сәлем етті деп айтылады.