Жалпықалалық ата-аналар жиналысы
Бүгін онлайн форматта "Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ортақ міндет" тақырыбында жалпықалалық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты – балаларымыздың қауіпсіздігін сақтау, құқықтық сауаттылығын арттыру және зиянды әрекеттердің алдын алу мәселелерін бірге талқылау. Кездесу барысында мамандар мен педагогтар ата-аналарға заманауи қауіп-қатерлер туралы ақпарат беріп, интернеттегі қауіпсіздік, жолда жүру ережелері, тұрмыстық жағдайдағы сақтық шаралары, құқық бұзушылықтың алдын алу