Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Менің елім – Қазақстан” және Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына арналған мерекелік іс-шара
24
октябрь
2025

“Менің елім – Қазақстан” және Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына арналған мерекелік іс-шара

8 “А” сыныбының ұйымдастыруымен ерекше мазмұнға толы “Менің елім – Қазақстан” атты мерекелік іс-шара және Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына арналған салтанатты ашылу өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақты өз елін сүюге, ұлт тарихын тануға, рухани құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу. 
Оқушылар көрермендерге әсерлі көріністер, әндер мен өлеңдер ұсынды. 

Міржақып Дулатовтың өмір жолы мен шығармашылығы жайлы баяндап, оның “Оян, қазақ!” үндеуінің маңызын ерекше сезіммен жеткізді. 
Бұл шара арқылы жас ұрпақ өз елінің өткеніне құрметпен қарап, болашағына сеніммен қараудың мәнін ұқты.
Іс-шара соңында ұстаздар мен ата-аналар 8 “А” сыныбының белсенділігі мен шығармашылығына жоғары баға берді.
Мұндай мазмұнды кездесулер – оқушылардың рухани өсуіне, ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға зор мүмкіндік береді.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: