Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
М.Дулатовтың 140 жылдығына орай тағылымды кездесу | Особая встреча в честь 140-летия М. Дулатова
13
ноябрь
2025
М.Дулатовтың 140 жылдығына орай тағылымды кездесу | Особая встреча в
М.Дулатовтың 140 жылдығына орай мектебімізде ерекше кездесу өтті! Ұлт руханиятының ұлы тұлғасы Міржақып Дулатовтың немерелері мен шөбересі, сондай-ақ белгілі режиссер Қалила Омаров ағамызбен жүздестік.   Кездесу барысында ата-баба мұрасы, Алаш арыстарының рухы мен бүгінгі ұрпақтың жауапкершілігі жайлы әсерлі әңгімелер айтылды. Қонақтар оқушылардың қызығушылығына риза болып, жүрекжарды тілектерін білдірді. Біз де өз кезегімізде келген қонақтарға шын жүректен алғысымызды айтамыз! 
Мектебіміздегі әдеби кездесу | Литературная встреча в нашей школе
11
ноябрь
2025
Мектебіміздегі әдеби кездесу | Литературная встреча в нашей школе
11 қараша мектебімізде балалар жазушысы, әдебиет сыншысы, ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, алаштанушы-ғалым Елдос Нүсіпұлы Тоқтарбаймен  кездесу өтті. Кездесу барысында қонақ оқушылармен қазақ әдебиетінің бүгінгі тынысы, балалар әдебиетінің дамуы, сондай-ақ Алаш арыстарының мұрасын дәріптеу тақырыптарында әсерлі әңгіме өрбітті. Кездесу жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыруға зор ықпал етті. 
"Autumn Wonderland - 2025"
07
ноябрь
2025
"Autumn Wonderland - 2025"
7 қараша күні мектебімізде көңілді де әсерлі “Күзгі бал” мерекелік кеші жоғары деңгейде өтті!  Бұл ерекше кеште оқушылар өз өнерлерін, талғамдарын және шығармашылық қабілеттерін жан-жақты көрсетті.  Кеш бірнеше кезеңдерден тұрды:  Таныстыру,  Сән көрсетілімі,  Өнер сайысы,  Интеллектуалдық кезең, “Күзгі вальс” би кезеңі. Барлық қатысушылар ерекше дайындықпен келіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әділ қазылар алқасы сайыс нәтижесінде жеңімпаздарды анықтады:  Бас жүлде – 8 «Ә» сынып
“Менің елім – Қазақстан” және Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына арналған мерекелік іс-шара
24
октябрь
2025
“Менің елім – Қазақстан” және Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл
8 “А” сыныбының ұйымдастыруымен ерекше мазмұнға толы “Менің елім – Қазақстан” атты мерекелік іс-шара және Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына арналған салтанатты ашылу өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақты өз елін сүюге, ұлт тарихын тануға, рухани құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.  Оқушылар көрермендерге әсерлі көріністер, әндер мен өлеңдер ұсынды.  Міржақып Дулатовтың өмір жолы мен шығармашылығы жайлы баяндап, оның “Оян, қазақ!” үндеуінің
“35 жылдыққа - 35 ағаш” экологиялық науқаны
14
октябрь
2025
“35 жылдыққа - 35 ағаш” экологиялық науқаны
Республика күнін және Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығын мерекелеуге орай “35 жылдыққа - 35 ағаш” экологиялық науқаны өткізілді.  Бұл игі бастама – тек мерейтойлық күнге  емес, сонымен қатар болашақ ұрпаққа жасалған жарқын үлгі. Табиғатты аялау – өзімізге және келер ұрпаққа қамқорлық!  Барлық қатысқан сыныптарға алғыс білдіреміз!
«Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты ұлдар жиналысы
13
октябрь
2025
«Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты ұлдар жиналысы
«Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты ұлдар жиналысы өтті Мектебімізде жас ұлдардың бойында жауапкершілік, адамгершілік және патриоттық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында «Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті. Арнайы қонағымыз – Абитилда Нұрислам Пернеханұлы өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жігіттерге үлгі боларлық ақыл-кеңестер айтты. Сондай-ақ, мектеп психологы оқушылармен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тұлғалық даму мен өз-өзін құрметтеу туралы маңызды ойлар айтты. Бұл
Жалпықалалық ата-аналар жиналысы
01
октябрь
2025
Жалпықалалық ата-аналар жиналысы
Бүгін онлайн форматта "Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ортақ міндет" тақырыбында жалпықалалық ата-аналар жиналысы өтті.  Жиналыстың мақсаты – балаларымыздың қауіпсіздігін сақтау, құқықтық сауаттылығын арттыру және зиянды әрекеттердің алдын алу мәселелерін бірге талқылау. Кездесу барысында мамандар мен педагогтар ата-аналарға заманауи қауіп-қатерлер туралы ақпарат беріп, интернеттегі қауіпсіздік, жолда жүру ережелері, тұрмыстық жағдайдағы сақтық шаралары, құқық бұзушылықтың алдын алу
"Мектебім - мейірім мекені" алғашқы қоңырау
01
сентябрь
2025
"Мектебім - мейірім мекені" алғашқы қоңырау
Бүгін мектебіміздің алаңы шаттыққа толып, жаңа оқу жылының қоңырауы соғылды. Бұл күн – оқушылар, ұстаздар және ата-аналар үшін ерекше мереке. Әсіресе, алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған балғын бүлдіршіндеріміз үшін бұл сәт мәңгі есте қалады. 🌟 Жаңа оқу жылы – жаңа арман, жаңа мақсат, жаңа жетістіктерге бастайтын үлкен қадам. Оқушыларымызға толағай табыс, ал ұстаздарымызға сарқылмас күш-қуат пен шығармашылық шабыт тілейміз. Білімге бастайтын әрбір күн сәттілікке толы болсын! Жаңа оқу жылы
Аттестат табыстау рәсімі
13
июнь
2025
Аттестат табыстау рәсімі
Бүгін мектебімізде негізгі орта білім бітіруші түлектерге аттестат табыстау рәсімі өтті. 9 жыл бойы бірге оқыған шәкірттеріміз алғашқы үлкен белесті артқа қалдырды. Олардың әрқайсысының жүрегінде үміт, көздерінде жарқын болашақ бар. Аттестат – тек құжат емес, бұл — табандылық пен еңбектің жемісі.  Қуанышты сәттер, ұстаздардың ақылы мен достардың қолдауы – бәрі бір естелікке айналды. Оқушыларымызға жарқын болашақ, білім жолында сәттілік пен биік жетістіктер тілейміз!
“Балдәурен” – шаттық пен шабытың мекені!
26
май
2025
“Балдәурен” – шаттық пен шабытың мекені!
Жаздың ең жарқын, қуанышты сәттері басталды! Бүгін мектеп жанындағы “Балдәурен” лагерінде алғашқы күн өтуде — балалардың жүзінде қуаныш, жүрегінде толқу! Алда бізді: - Күн сайынғы қызықты ойындар мен жарыстар - Шығармашылық үйірмелер мен шеберлік сағаттары - Белсенді қозғалыс пен спорттық эстафеталар - Танымдық, көңілді кештер мен достыққа толы атмосфера күтуде! Бұл жаз – шын мәніндегі бақытты балалық шақтың жарқын беті!  “Балдәурен” – шаттық пен шабытың мекені!