01
октябрь
2025
Жалпықалалық ата-аналар жиналысы
Бүгін онлайн форматта "Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ортақ міндет" тақырыбында жалпықалалық ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың мақсаты – балаларымыздың қауіпсіздігін сақтау, құқықтық сауаттылығын арттыру және зиянды әрекеттердің алдын алу мәселелерін бірге талқылау.


Жиналыстың мақсаты – балаларымыздың қауіпсіздігін сақтау, құқықтық сауаттылығын арттыру және зиянды әрекеттердің алдын алу мәселелерін бірге талқылау.
Кездесу барысында мамандар мен педагогтар ата-аналарға заманауи қауіп-қатерлер туралы ақпарат беріп, интернеттегі қауіпсіздік, жолда жүру ережелері, тұрмыстық жағдайдағы сақтық шаралары, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары жөнінде жан-жақты түсіндірме жасады. Сонымен қатар, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныстар ортаға салынды.
Баланың амандығы – тек ата-ананың ғана емес, сонымен бірге ұстаздар мен бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Сондықтан мұндай шаралар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

