Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем!
02
октябрь
2025
Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем!
Мұғалімдер күніне арналған ерекше сый! 2 қазан күні  11-сынып оқушылары жүректен шыққан жылы лебіздері мен өнерлерін арнап, ұстаздарымызға арналған керемет концерт қойды! Әнмен өрілген алғыс,  бимен жеткізілген құрмет — бәрі сіздер үшін, ардақты ұстаздар! Әр күндеріңіз мерекеге толы болсын! ​https://www.instagram.com/reel/DPjJ86AjK9R/?igsh=YnRod2l6NG0waHR3​​​
1 қазан – Қарттар күні
01
октябрь
2025
1 қазан – Қарттар күні
1 қазан – Қарттар күні Қарттар – біздің қазынамыз, ұрпаққа үлгі болатын асыл жандар. Осыған орай 1 «А» сынып оқушылары қарттарға құрмет көрсету мақсатында мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Балалар әсем әндерін шырқап, жүрек жарды өлеңдерін оқып, би билеп, өз өнерлерін паш етті.  Іс-шара барысында оқушылар қарттарға деген сүйіспеншілігін, алғысын білдіріп, үлкендерді сыйлау мен қадірлеудің маңызын көрсетті. Қарттарымыздың жүздерінен қуаныш нұры шашылып, жүректері шаттыққа толды.  Барлық
Чанчингин университеті өкілдерімен екіжақты меморандумға қол қойылды
22
сентябрь
2025
Чанчингин университеті өкілдерімен екіжақты меморандумға қол қойылды
Бүгін мектеп тарихында жаңа белес – Чанчингин университеті (Оңтүстік Корея) өкілдерімен екіжақты меморандумға қол қойылды! Бұл келісім біздің мектеп пен әлемдік білім беру жүйесі арасындағы мықты әрі өнімді ынтымақтастықтың бастауы болмақ. Аталған меморандум бойынша біз болашақта білім беру, мәдени алмасу және ғылыми зерттеулер саласында тәжірибе алмасамыз. Бұл қадам біздің білімімізді кеңейтіп, халықаралық аренада танытуға бағытталған зор қадам болып табылады!  Алдағы уақытта оқу мен зерттеу
Кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына арналған жарыстағы жеңістеріміз
13
сентябрь
2025
Кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына арналған жарыстағы жеңістеріміз
Қазақстан кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына орай Алмалы аудандық мұғалімдер арасында ұйымдастырылған дәстүрлі спартакиадада біздің ұжым * волейболдан І орынға  * тоғызқұмалақтан ІІ орынға  * шахматтан ІІІ орынға  * бес асықтан ІІІ орынға қол жеткізді!  Бұл жеңіс – тек спорттағы жетістік емес, сонымен қатар мұғалімдер арасындағы ынтымақ пен достықтың, ортақ күш-жігердің нәтижесі. Бірлікте – береке, еңбекте – жеңіс!
«Салауатты өмір салты – оқу процесінің маңызды бөлігі»
09
сентябрь
2025
«Салауатты өмір салты – оқу процесінің маңызды бөлігі»
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 22 тамыздағы №3-05-4/5704-И хатына сәйкес, 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап оқу-тәрбие процесіне дене шынықтыруға арналған қысқа жаттығулар енгізілуде. Осыған орай, бүгін мектебімізде 1-11 сынып оқушыларына 3 минуттық дене жаттығуы ұйымдастарылды.
"Мектебім - мейірім мекені" алғашқы қоңырау
01
сентябрь
2025
"Мектебім - мейірім мекені" алғашқы қоңырау
Бүгін мектебіміздің алаңы шаттыққа толып, жаңа оқу жылының қоңырауы соғылды. Бұл күн – оқушылар, ұстаздар және ата-аналар үшін ерекше мереке. Әсіресе, алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған балғын бүлдіршіндеріміз үшін бұл сәт мәңгі есте қалады. 🌟 Жаңа оқу жылы – жаңа арман, жаңа мақсат, жаңа жетістіктерге бастайтын үлкен қадам. Оқушыларымызға толағай табыс, ал ұстаздарымызға сарқылмас күш-қуат пен шығармашылық шабыт тілейміз. Білімге бастайтын әрбір күн сәттілікке толы болсын! Жаңа оқу жылы
Аттестат табыстау рәсімі
13
июнь
2025
Аттестат табыстау рәсімі
Бүгін мектебімізде негізгі орта білім бітіруші түлектерге аттестат табыстау рәсімі өтті. 9 жыл бойы бірге оқыған шәкірттеріміз алғашқы үлкен белесті артқа қалдырды. Олардың әрқайсысының жүрегінде үміт, көздерінде жарқын болашақ бар. Аттестат – тек құжат емес, бұл — табандылық пен еңбектің жемісі.  Қуанышты сәттер, ұстаздардың ақылы мен достардың қолдауы – бәрі бір естелікке айналды. Оқушыларымызға жарқын болашақ, білім жолында сәттілік пен биік жетістіктер тілейміз!
"Балдәурен" мектеп лагерінің жабылуы
09
июнь
2025
"Балдәурен" мектеп лагерінің жабылуы
«Балдәурен» мектеп жанындағы лагерь маусымын сәтті аяқтады! Балалар шығармашылықпен айналысып, жаңа достар тапты, қызықты демалыс өткізді. Әр таң қызықты ойындармен басталып, шығармашылық пен спорттық шараларға, шеберлік сабақтарына ұласты. Ұйымдастырушыларға, тәрбиешілерге және қатысқан әр балаға алғысымыз шексіз. Бұл естеліктер әр жүректе сақталып, жаңа оқу жылына шабыт болады деп сенеміз. ​https://www.instagram.com/reel/DKrYemgsbcj/?igsh=NWdkajRld24zOHpw​​​
Мемлекеттік рәміздер - Тәуелсіздіктің нышаны!
04
июнь
2025
Мемлекеттік рәміздер - Тәуелсіздіктің нышаны!
Бүгін лагерьде еліміздің басты құндылықтарының бірі – мемлекеттік рәміздер туралы ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының рәміздері туралы мағлұмат беру, олардың мәнін түсіндіру және отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру. Ақпараттық сағат барысында оқушыларға Ту, Елтаңба және Әнұран туралы кең көлемде түсінік берілді. Мемлекеттік рәміздердің әрқайсысының шығу тарихы, мағынасы мен авторлары таныстырылды. Балалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
“Балдәурен” – шаттық пен шабытың мекені!
26
май
2025
“Балдәурен” – шаттық пен шабытың мекені!
Жаздың ең жарқын, қуанышты сәттері басталды! Бүгін мектеп жанындағы “Балдәурен” лагерінде алғашқы күн өтуде — балалардың жүзінде қуаныш, жүрегінде толқу! Алда бізді: - Күн сайынғы қызықты ойындар мен жарыстар - Шығармашылық үйірмелер мен шеберлік сағаттары - Белсенді қозғалыс пен спорттық эстафеталар - Танымдық, көңілді кештер мен достыққа толы атмосфера күтуде! Бұл жаз – шын мәніндегі бақытты балалық шақтың жарқын беті!  “Балдәурен” – шаттық пен шабытың мекені!