Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бірлігіміз – берекеміз» атты ұстаздар арасындағы көңілді эстафеталық жарыс
31
октябрь
2025

«Бірлігіміз – берекеміз» атты ұстаздар арасындағы көңілді эстафеталық жарыс

Ұлт ұстазы Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына орай мектебімізде ерекше мәнге ие іс-шара – «Бірлігіміз – берекеміз» атты ұстаздар арасындағы көңілді эстафеталық жарыс өткізілді! 

Бұл шараның басты мақсаты – ұжым арасындағы ынтымақ пен бірлікті арттыру, ұстаздардың салауатты өмір салтын насихаттау және М.Дулатовтай ұлт ағартушысының өнегелі өмірін дәріптеу болды. 
Эстафета барысында ұстаздарымыз өздерінің шапшаңдығын, ұйымшылдығын және көтеріңкі көңіл күйін көрсетіп, бір-бірін қолдап, нағыз командалық рух танытты. 
Жарыс соңында үздік деп танылған командалар марапатталып, барша қатысушылар жақсы көңіл күймен, жаңа серпінмен тарқасты. 

Ұйымдастырушы “Эстетикалық пәндер” бірлестігіне алғыс білдіреміз!


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: