Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Күзгі асар жәрмеңкесі | Осенняя ярмарка
14
ноябрь
2025
Күзгі асар жәрмеңкесі | Осенняя ярмарка
Күзгі асар жәрмеңкесі Бүгін 5 «Ә» сыныбының ұйымдастыруымен ерекше көңіл-күй сыйлаған Күзгі асар жәрмеңкесі өтті! Оқушылар өз қолдарымен дайындаған тағамдарын ұсынып, қуаныш пен жылулыққа толы атмосфера қалыптастырды.  Ең қуаныштысы — жиналған барлық қаражат қайырымдылыққа жұмсалады. Жақсылық жасасаң, өзіңе оралады! -------------------------------------------------------------------------------------------------- Осенняя ярмарка Сегодня прошла осенняя ярмарка, которая подарила особое
М.Дулатовтың 140 жылдығына орай тағылымды кездесу | Особая встреча в честь 140-летия М. Дулатова
13
ноябрь
2025
М.Дулатовтың 140 жылдығына орай тағылымды кездесу | Особая встреча в
М.Дулатовтың 140 жылдығына орай мектебімізде ерекше кездесу өтті! Ұлт руханиятының ұлы тұлғасы Міржақып Дулатовтың немерелері мен шөбересі, сондай-ақ белгілі режиссер Қалила Омаров ағамызбен жүздестік.   Кездесу барысында ата-баба мұрасы, Алаш арыстарының рухы мен бүгінгі ұрпақтың жауапкершілігі жайлы әсерлі әңгімелер айтылды. Қонақтар оқушылардың қызығушылығына риза болып, жүрекжарды тілектерін білдірді. Біз де өз кезегімізде келген қонақтарға шын жүректен алғысымызды айтамыз! 
Бастауышпен бойға сіңген ұлттық рух | Национальный дух, привитый с начальной школы
12
ноябрь
2025
Бастауышпен бойға сіңген ұлттық рух | Национальный дух, привитый с
Бастауышпен бойға сіңген ұлттық рух Бастауыш сынып бірлестігінің апталығы салтанатты түрде өз бастауын алды!  Бұл апталықтың басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен отансүйгіштік қасиеттерді дарыту, салт-дәстүрімізді қастерлеуге, ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу.  Апталық барысында бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушылары түрлі танымдық, шығармашылық және рухани іс-шаралар өткізеді. ----------------------------------------------------------------------------------------------
Мектебіміздегі әдеби кездесу | Литературная встреча в нашей школе
11
ноябрь
2025
Мектебіміздегі әдеби кездесу | Литературная встреча в нашей школе
11 қараша мектебімізде балалар жазушысы, әдебиет сыншысы, ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, алаштанушы-ғалым Елдос Нүсіпұлы Тоқтарбаймен  кездесу өтті. Кездесу барысында қонақ оқушылармен қазақ әдебиетінің бүгінгі тынысы, балалар әдебиетінің дамуы, сондай-ақ Алаш арыстарының мұрасын дәріптеу тақырыптарында әсерлі әңгіме өрбітті. Кездесу жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыруға зор ықпал етті. 
"Autumn Wonderland - 2025"
07
ноябрь
2025
"Autumn Wonderland - 2025"
7 қараша күні мектебімізде көңілді де әсерлі “Күзгі бал” мерекелік кеші жоғары деңгейде өтті!  Бұл ерекше кеште оқушылар өз өнерлерін, талғамдарын және шығармашылық қабілеттерін жан-жақты көрсетті.  Кеш бірнеше кезеңдерден тұрды:  Таныстыру,  Сән көрсетілімі,  Өнер сайысы,  Интеллектуалдық кезең, “Күзгі вальс” би кезеңі. Барлық қатысушылар ерекше дайындықпен келіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әділ қазылар алқасы сайыс нәтижесінде жеңімпаздарды анықтады:  Бас жүлде – 8 «Ә» сынып
«Бірлігіміз – берекеміз» атты ұстаздар арасындағы көңілді эстафеталық жарыс
31
октябрь
2025
«Бірлігіміз – берекеміз» атты ұстаздар арасындағы көңілді эстафеталық
Ұлт ұстазы Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына орай мектебімізде ерекше мәнге ие іс-шара – «Бірлігіміз – берекеміз» атты ұстаздар арасындағы көңілді эстафеталық жарыс өткізілді!  Бұл шараның басты мақсаты – ұжым арасындағы ынтымақ пен бірлікті арттыру, ұстаздардың салауатты өмір салтын насихаттау және М.Дулатовтай ұлт ағартушысының өнегелі өмірін дәріптеу болды.  Эстафета барысында ұстаздарымыз өздерінің шапшаңдығын, ұйымшылдығын және көтеріңкі көңіл күйін көрсетіп, бір-бірін қолдап, нағыз
“Менің елім – Қазақстан” және Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына арналған мерекелік іс-шара
24
октябрь
2025
“Менің елім – Қазақстан” және Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл
8 “А” сыныбының ұйымдастыруымен ерекше мазмұнға толы “Менің елім – Қазақстан” атты мерекелік іс-шара және Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына арналған салтанатты ашылу өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақты өз елін сүюге, ұлт тарихын тануға, рухани құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.  Оқушылар көрермендерге әсерлі көріністер, әндер мен өлеңдер ұсынды.  Міржақып Дулатовтың өмір жолы мен шығармашылығы жайлы баяндап, оның “Оян, қазақ!” үндеуінің
Мектеп Президентін ұлықтау рәсімі өтті!
22
октябрь
2025
Мектеп Президентін ұлықтау рәсімі өтті!
Бүгін мектебімізде үлкен мәнге ие маңызды шара — мектеп Президентін ұлықтау рәсімі салтанатты түрде өтті. Іс-шара барысында былтырғы оқу жылының Президенті өз қызметінің бір жылдық есебін ұсынып, атқарылған жұмыстар мен жетістіктерді атап өтті. Сондай-ақ жаңа Президентке өз ізгі тілегін білдіріп, сенім жүктеді. Жаңа сайланған Президент сахна төрінде ант беріп, мектептің дамуына, оқушылардың мүддесін қорғауға, үлгілі көшбасшы болуға уәде етті. Министрлер құрамы таныстырылып, алдағы оқу жылына
«Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты ұлдар жиналысы
13
октябрь
2025
«Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты ұлдар жиналысы
«Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты ұлдар жиналысы өтті Мектебімізде жас ұлдардың бойында жауапкершілік, адамгершілік және патриоттық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында «Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті. Арнайы қонағымыз – Абитилда Нұрислам Пернеханұлы өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жігіттерге үлгі боларлық ақыл-кеңестер айтты. Сондай-ақ, мектеп психологы оқушылармен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тұлғалық даму мен өз-өзін құрметтеу туралы маңызды ойлар айтты. Бұл
Жас мамандар: Ізденіс. Жаңалық. Жетістік.
07
октябрь
2025
Жас мамандар: Ізденіс. Жаңалық. Жетістік.
Жас мамандар айлығы басталды! «Жас мамандар: Ізденіс. Жаңалық. Жетістік.» — дәл осы ұранмен бастау алған жас мамандар айлығының басты мақсаты – жас ұстаздардың кәсіби шеберлігін шыңдау, шығармашылық әлеуетін арттыру және білім беру үдерісіне тың серпін беру.  Бұл айлық аясында жас педагогтар өздерінің тәжірибесін бөлісіп, жаңа әдіс-тәсілдерді үйреніп, өз саласының үздігі болуға ұмтылады. Алда – қызықты кездесулер, шеберлік сабақтары, тәжірибе алмасу, жаңа идеялар мен табыстар! Жас мамандар –