19
октябрь
2024
«Мектеп Президентін» сайлау
М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназиясында 19-қазан күні мектепішілік президент сайлауы өтті. Сайлауға 9 үміткеп өзінің сайлауалды бағдарламасын ұсынды. Олар: Айсерік Айсұлу 10 «А» сынып, Дандыбай Алина 9 «Ә» сынып, Жанарыстан Шұғыла 9 «Ә» сынып, Жанатқызы Айзере 9 «Ә» сынып, Жузбаева Жанель 9 «Ә» сынып, Қасым Аяулым 10 «А» сынып, Қожабек Ақниет 9 «Ә» сынып, Таймұха Толғанай 9 «Ә» сынып, Ұзақбай Дарын9 «Ә» сынып оқушылары.
Мектеп Президенті – жыл бойы мектепте ұйымдастырылатын іс-шараларға, жалпы айтқанда мектептің тыныс-тіршілігіне жауапты адам. Бұл біздің мектебіміздің ең батыл адамдары, өз көзқарасын, пікірін білдіруге, және өзін көрсетуге қорықпай алға суырылып шыққан нағыз лидер!
Президенттік сайлау 1 апта жалғасты. Қабырға газетіне президентікке үміткерлердің суреттері ілінді. 8-11 сынып оқушылары және мектеп мұғалімдері дауыс беріп, өз таңдауларын жасады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жалпы саны – 186. Соның ішінде басым дауыс жинаған 10 «А» сынып оқушысы Айсерік Айсұлу (50, 26,8%) мектеп Президенті болып сайланды.

Іс шара мектебіміздің әлеуметтік желісінде жарияланды:
https://www.instagram.com/reel/DBYo7ymNF_Q/?igsh=MW9pYXdmcnA4ZW11eQ==