18
октябрь
2024
«Ұлттық мәдениет» көрмесі
18 қазан күні – М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназиясында «Ұлттық киім күні» деп белгіленді. Бұл күн ұлттық киімге арналады. Сан ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімі қарапайымдылығымен және ұтымдылығымен ерекшеленеді.
Қазіргі модернизация дәуірінде ұлттық киім өз мәнін жоймай, бұрынғы дәстүрлер мен заманауи үрдістерді үйлестіре отырып, жаңа интерпретацияға ие болды. Ұлттық стиль ұлттық мінез пен ұлт бірлігін айшықтай отырып, ел мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігіне айналды.Ұлттық киім күні – киім үлгісі арқылы әр адамға өз даралығын білдіруге, сонымен қатар Қазақстанның бірлігі мен мәдени әралуандығын танытуға мүмкіндік береді.
Мектеп ұстаздары мен оқушылары идеяны қолдай отырып, ұлттық киім киіп келіп қазақтың ұлттық киім үлгілерін көпшілікке насихаттау арқылы қазақтың киім кию үлгісін заманауи жаңғыртты.
