Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы » КГУ «Школа-гимназия №136 имени М.Дулатова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
03
ноябрь
2020

Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Мақсаты: оқушыларға азаматтық қорғаныс туралы жалпы мағлұмат беру. Азаматтық қорғаныстың қазіргі өмірдегі маңыздылығын таныту
«Азаматтық қорғау туралы» 2014- жылғы 11-ші сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңы 12-ші бабы, 1-ші тармақшасының 70-8 сәйкес;
Оқушыларға азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері мен мақсаттарын ұғындыруда 2020 жылдың 3 қарашасы күні М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназиясында 8-11 сынып оқушыларына ZOOM  платформасы арқылы онлайн түрде келесі қызметтер ұйымдастырылды:
-    Құтқару командалары;-    Өрт сөндіру командалары;-    Қоғамдық тәртіп сақтау командалары;-    Санитарлық жасақтары;           
8-11 сынып оқушыларын АӘД жетекшісі А.Ж.Комеков білім беру мекемесіндегі Ақаматтық қорғанысты ұйымдастыру кестесімен, Азаматтық қорғаныстың құрылымымен таныстырып өтті. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою саласындағы ұлттық қызметтер атқаратын маңызды міндеттер аталып өтілді.  ҚР аумағында АҚ ұйымдастыру және жүргізу – мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі және қорғаныс іс-шараларының құрамдас бөлігі болып табылады.
Ақаматтық қорғанысты ұйымдастырудың принциптері мен тәртібі:
•    Азаматтық қорғаныс республиканың бүкіл аумағында аумақтық-өндірістік принцип бойынша ұйымдастырылады.•    Азаматтық қорғаныс бойынша дайындық осы заманғы зақымдану құралдарының дамуы және аталған аумақта, салада немесе ұйымда барынша ықтимал төтенше жағдайлар ескеріле отырып, алдан ала жүргізіледі.•    Азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының орталық, жергілікті атқарушы органдарының және ұйымдардың басшылары жауапты болады.Мектеп оқушысы мыналарды білуге тиісті
•    Төтенше жағдай болу қатері кезінде дұрыс қимылдау;•    Жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын пайдалану;•    Тыныс органдарын қорғайтын қарапайым құралдар жасау;•    Тамақ өнімдері мен ауызсуды зақымданудан сақтау;•    Азаматтық қорғаныс іс-шараларын тез және сенімді орындау;•    Зақымданғандар мен жараланғандарға алғашқы көмек көрсету.Құрылымдардың командирлері болып оқытушылар тағайындалатынын айта келіп, оқу орындарындағы азаматттық қорғаныстың негізгі құрамалары құтқару командалары болып табылады.
Шешім:
Осы көрсетілген жұмыстар әр тоқсан сайын мектеп оқушыларына тиянақты түсіндіріліп  жүргізілсін. 
Мектептің Азаматтық қорғаныс жұмыстарының жоспарға сай жүргізілуі АӘД жетекшісі А.Ж.Комековке жүктелсін.


 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: