«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік » КГУ «Школа-гимназия №136 имени М.Дулатова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік
02
февраль
2022

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік

Өзін-өзі тану пәнінен 1-11 сыныптар аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігінің ашылуы болды.
  Оқушылар өзін-өзі тану пәнінің авторы, Сара Алпысқызы Назарбаеваның еңбек жолы туралы ақпарат ала отырып,  өздерінің өмірінде бұл пәннің алар орны, нағыз адам болып қалыптасу үшін бойларына жалпы адамзаттық 5 құндылықтың, одан шығатын қасиеттердің  маңызы зор екенін  айтты. 
«Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің ашылуы салтанатты түрде ұйымдастырылып,  оқушылар 5 құндылықтың мәнін ашатын өлең –тақпақтарын айтты, ән  айтып, күй шертіп, би биледі, хор айтылды. Өзін-өзі тану пән мұғалімдері онкүндік аясында өтетін іс-шаралар жоспарымен таныстырды. 
  Мектеп-гимназия  фойесіне онкүндік декадаға арналған  баннер ілінді.  Пән мұғалімдерінің  ұйымдастыруымен апталық аясында  ашық сабақтар, көрме, қызықты тренингтер, әртүрлі ойындар, челлендж  сияқты іс-шаралар онкүндік жоспар аясында жалғасын табады. 
Барлық  мектеп-гимназия оқушыларын белсенді ат салысуға шақырамыз!
@edu.almaty 
@almaty_mektepteri 
@almalyaudandykbilim 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: