Темірбек Жүргенов – қазақ руханиятының жарық жұлдызы » КГУ «Школа-гимназия №136 имени М.Дулатова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Темірбек Жүргенов – қазақ руханиятының жарық жұлдызы
30
март
2023

Темірбек Жүргенов – қазақ руханиятының жарық жұлдызы


Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жылдығына арналған «Темірбек Жүргенов – қазақ руханиятының жарық жұлдызы» тақырыбында танымдық сынып сағаты өтті.
Мақсаты:  оқушыларға Темірбек Жүргеновтің тарихи тұлғасы мен қайраткерлік қарымын танытып, қазақтың біртуар ұлының игі істерін болашақ ұрпаққа жеткізу.
Қазақ халқының қоғамдық өміріне етене араласқан Темірбек Жүргеновтың Қазақстанды әкімшілік-шаруашылық жағынан аудандарға бөлу, халық ағарту жұмыстарына, алғашқы музыка театрын ұйымдастыруға қосқан үлкен үлесі мен ұлттық мәдениетімізді өркендету жолындағы ерен еңбегі сынып сағатының негізгі тақырыбына айналды. 
Сынып сағатына Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының аға оқытушысы, анимациялық кино режиссер, «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі Оразалы Жәнібек Нұрбекұлы қатысып, тарихи деректерге шолу жасап, қайраткер жайында естеліктермен бөлісті.
Сонымен қатар сынып сағатына «Жас сахна» жастар театрының актрисасы, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясын бітірген, мектебіміздің түлегі Абитилда Малика Пернеханқызы жәнк мектебіміздің түлегі, Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжін  бітірген, мамандығы – сыбызғышы, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында білімін жалғастырушы Абитилда Дінислам  Пернеханұлы қатысып, өз өнерлерімен бөлісті.
7 «Б» сынып оқушылары, сынып жетекшісі Тайлакбаева Нурхан Заманбековна

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: