24
ноябрь
2021
"Ұлтымыздың біртуар ұлы ақын,драматург, қоғам қайраткері, жалынды жазушы Міржақып Дулатов мәңгі бізбен "
Міржақып Дулатовтың туғанына 136 жыл толуына орай 136 мектеп-гимназия мұражайында "Ұлтымыздың біртуар ұлы ақын,драматург, қоғам қайраткері, жалынды жазушы Міржақып Дулатов мәңгі бізбен " тақырыбында еске алу шарасы өтті. Мұражай кеңесі мүшелері Міржақып Дулатовтың өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстырып өтіп,көркемсөз шеберлері өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Интербелсенді тақтадан Міржақыпқызы Гүлнар Дулатованың еске алуға арналған деректі фильмі көрсетілді. Мектеп-гимназия директорының міндетін атқарушы Төреқұлов Талғар Талғатұлы қатысып оқушыларға алғысын жеткізді. Мұражай кеңесі жұмысына ризашылығын білдірді. Мұражай жетекшісі Күлпаш Дембайқызы қорытынды жасап мұражай кеңесі жұмысының бағытына тоқталды. Соңынан Міржақып атаның ескерткіші жанында фотосуретке түсірілді.

