ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта жиналыс » КГУ «Школа-гимназия №136 имени М.Дулатова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
октябрь
2020

ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта жиналыс

Алматы қаласы Білім басқармасының тапсырмасы, Алмалы ауданы Білім бөлімінің жоспары мен М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназиясының жоспарына сәйкес 2020 жылдың 20 қазан күні ұжыммен, ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта жиналыс өткізіліп төмендегі мәселелері көтерілді.
Күн тәртібі:

1. Республикалық бюджеттен бөлінетін қаржының берлуі туралы.

2. Білім беру платформаларының мүмкіндіктерін қолдану арқылы сабақ сапасын арттыру.
3. Кезекші сыныптардағы санитарлық талаптардың сақталуы.
4. БЖБ, ТЖБ жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мектеп-гимназия директоры А.Р.Батырбаев сөз алып мұғалімдердің еңбек ақысының есептелуі, айлық жалақысының төленуі туралы айта келіп, қыркүйек және қазан айының еңбек ақысының Республикалық бюджеттен бөлінетін қаржының 2020 жылдың қараша айының 10 жұлдызына дейін толық мектеп бюджетіне отырғызылып, берілетіні туралы атап өтті.
Және білім беру платформаларының мүмкіндіктерін қолданып, сабақ сапасын арттыру туралы мұғалімдерге тапсырма берді.
Қазіргі уақытта 1-4 сыныптардағы кезекші сыныптардағы санитарлық талаптардың сақталуы туралы айтып өттіп, мұғалімдерге оқушылардың мектепдегі қауіпсіздігі мен санитарлық нормалардың сақталуын қатаң бақылауын сұрады.
Сөз соңында мұғалімдерге қашықтықтан жұмыс жасау кезінде білім беру платформаларын тереңірек меңгеріуін, оқушылардың сабаққа уақытында қатысуын, БЖБ, ТЖБ тапсыру ережелері мен тапсырмалардың мазмұны мен бағдарламаға сай құрылуын талап етті.
@almalyaudandykbilim
#136mektepgimnaziia 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

19 октябрь 2020 ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ
05 октябрь 2020 Мәжіліс жиналысы
01 сентябрь 2020 Педагогикалық кеңес