1 "Ә" сынып оқушыларымен "Қош келдіңіз, әз Наурыз!" тақырыбында жоғары деңгейде мерекелік кеш өткізілді. » КГУ «Школа-гимназия №136 имени М.Дулатова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 "Ә" сынып оқушыларымен "Қош келдіңіз, әз Наурыз!" тақырыбында жоғары деңгейде мерекелік кеш өткізілді.
21
март
2022

1 "Ә" сынып оқушыларымен "Қош келдіңіз, әз Наурыз!" тақырыбында жоғары деңгейде мерекелік кеш өткізілді.

1 "Ә" сынып оқушыларымен "Қош келдіңіз, әз Наурыз!" тақырыбында жоғары деңгейде мерекелік кеш өткізілді.
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу 
Мерекелік кеште шәкірттеріміз өздеріне бөлініп берілген «Бесікке салу» дәстүрі туралы түсініп, оны қолданудың мағынасын түсінді. 
Бесік - жаңа туылған бала үшін, қасиетті мүлік, алтын ұя болып есептеледі. Қазақ халқында бесікте тербелмеген адам жоқ. Қазіргі коляскалардан қарағанда, бесіктің пайдасы әлде қайда көп. Атам қазақ баланы босқа бесікте тербетпеген. Ал туылған баланы бесікке салу - қазақ халқы үшін мәртебелі, қасиетті дәстүр болып есептеледі. Қазақтар балаларын бесікке жатқан кезінен бастап тәрбиелейтін. Баланың денесі түзу болып өсуіне бесіктің пайдасы көп. Бала шошып, қорқақ болмауы үшін, қазақтар ертеде бүркіттің, қасқырдың, үкінің тұяқтарын бесіктің басына іліп қоятын.
Кейіннен балаға Бесік жыры айтылады.  Бесік жыры дегеніміз, балаға әуендетіп арналған шумақтар. Біздің ата-аналарымыз осы бесікке салу дәстүрімізді   өте жоғары деңгейде мектеп  сахнасында көрсете білді. Ұмыт болып бара жатқан ұлтымыздың салт-санасы жаңғырды.
Шәкірттеріміз ән айтып, би билеп, күй тартып, қонақтарға мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Үлкен дастарқан жайылып, ұлттық ойындар ойналды.
Балалары үшін барлық жағдайды жасап, мектепішілік іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау жасаған барлық ата-аналарымызға рақмет.
Сынып жетекшісі Турганбаева Майра Балғабайқызы 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: