1"А" сыныбында «Армысың, әз Наурыз!» тақырыбында жоғары деңгейде мерекелік кеш өтті. » КГУ «Школа-гимназия №136 имени М.Дулатова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1"А" сыныбында «Армысың, әз Наурыз!» тақырыбында жоғары деңгейде мерекелік кеш өтті.
21
март
2022

1"А" сыныбында «Армысың, әз Наурыз!» тақырыбында жоғары деңгейде мерекелік кеш өтті.

1"А" сыныбында «Армысың, әз Наурыз!» тақырыбында жоғары деңгейде мерекелік кеш өтті.
Мақсаты:
🌸 Оқушыларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру.
🌸Халқына, өз еліне деген мақтаныш сезімін ояту, оның әдет- ғұрып, салт-дәстүрін, тарихын, мәдениетін қастерлеуге тәрбиелеу
Мерекелік кеште бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруы паш етілді. Оқушылар "Нағашылау" және оның тәрбиелік мәні туралы түсінік беріп өтті. Нағашы мен жиеннің айтысы көрсетілді. Жас ата-аналарымыз биден шашу шашты. 
🌸Халық ішінде «Балалығың ұстаса – нағашыңа бар, жігіттігің ұстаса – қайныңа бар» деген қағида бар. Әдеттегідей барыс-келіс емес, ата жолында мұның өз жөн-жосығы бар. «Жігіттің жақсы болмағы – нағашыдан» дегендей, бұл жолы ерекше салтанатпен жиен жора-жолдастарын ертіп барады. Нағашылары оған құрмет көрсетеді. Мал сойып, төрге шығарып, сауық құрады. Жиен барынша еркелеп, еркін сөйлеп, арасында нағашыларының кемшіліктері болса, сынай отырып әзілдеседі. Нағашылары жиендеріне жиенқұрығын («қырық серкеш») беріп, барынша риза етіп аттандырады. Нағашы елінде 4-5 күн қыдырып, аунап-қунаған жиен кетер алдында ризашылығын білдіріп аттанады. Бір ескеріп кететін жай: нағашы-жиен арасында бәсеке, көре алмаушылық, күндеу сияқты жат әдеттер болмайды. Олар қатты әзілдескенімен, бірін-бірі көтеріп, сырттай мақтап, әрі олардың атымен мақтанып жүреді.
🌸Балалары үшін барлық жағдайды жасап, мектепішілік іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау жасаған барлық ата-аналарымызға рақмет.
Сынып жетекшісі Нурсейтова Нуржанат Омирболатовна 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: