2"А" сыныбында «Армысың, әз Наурыз!» тақырыбында мерекелік кеш өтті » КГУ «Школа-гимназия №136 имени М.Дулатова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2"А" сыныбында «Армысың, әз Наурыз!» тақырыбында мерекелік кеш өтті
20
март
2022

2"А" сыныбында «Армысың, әз Наурыз!» тақырыбында мерекелік кеш өтті

2"А" сыныбында «Армысың, әз Наурыз!» тақырыбында мерекелік кеш өтті.
Мақсаты: 
⚜Оқушыларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру.
⚜Халқына, өз еліне деген мақтаныш сезімін ояту, оның әдет- ғұрып, салт-дәстүрін, тарихын, мәдениетін қастерлеуге тәрбиелеу
Меркелік кеште оқушылар "Тілашар" және оның тәрбиелік мәні туралы түсінік беріп өтті. 
Қазақ халқы сөзге шешен, сөз құдыретін қастерлеп келген халық. Сол себептен әр ата-ана «балам шешен болсын, тез сөйлеп кетсін» деген оймен, баланың жылдам сөйлеп кетуін қалайды. Бала жарты жылға жақындағанда, оның ата-анасы құлағына әуендерді қайталап, неше түрлі өлеңдер айтады.  Сәби ең алдымен «апа, ата» дегендей сезіледі. Кейін жаңа сөз айтуға шамасы жеткенде «тілі тез шықсын» деген ниетпен, қазақтың көне ғұрпы бойынша «Тілашар тойын», тілеуін жасайды. Бұл тілашар тілеуге тілек тіленіп, тілеу малы сойылып, ауыл аймақтық қадірлі, шешен, кемеңгер, ұшқыр тілді,  данышпан, сөз ұстасы, адамды арнайы таңдап, «тілашар» тойына шақырады. Тойға келген ақсақал қадірлі адам қойдың сыбағалы басын кесіп, оның тілі «тез шықсын, шешен бол» деп тілді балаға жегізеді. Қойдың ішегімен «баланы буындыру» рәсімін істеп «сөйлейсің бе?» деп үш рет сұрақ қойып, шешесі мен бүлдіршіннен «сөйлейміз» деген серт, уәде алады. Бүлдіршінге қариялар, тойға жиналғандар «Жиреншедей шешен бол, сандуғаштай сайрап кет,  бүлдіршіннің тілі тез ашылсын» деген тілек айтып тарайды.
Сынып жетекшісі Исагулова Зәуре Айтиева 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: