Алғыс айту күні: мейірім мен алғысқа толы кеш | День благодарности: вечер, наполненный добротой и благодарностью
Алғыс айту күніне орай мектебімізде 7-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен шағын концерттік бағдарлама өтті. Бұл мерекелік кештің басты мақсаты – айналамыздағы жандарға ризашылық білдіру, мейірімділік пен сыйластықты насихаттау болды. Концерт барысында оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, сахнада түрлі өнерлерін паш етті.
Кеш барысында оқушылар жүрекке жылы тиетін әндер айтып, әсерлі өлеңдер оқып, әсем билер биледі. Әрбір қойылым көрермендердің көңілінен шығып, ерекше әсер қалдырды. Сонымен қатар оқушылар ұстаздарына, ата-аналарына және достарына деген алғыстарын шынайы ықыласпен жеткізді.
Мерекелік кештің әрбір нөмірі көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жүректерге жылулық ұялатты. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар оқушыларды бір-біріне құрметпен қарап, алғыс айтудың маңызын түсінуге тәрбиелейді. Кеш соңында көрермендер ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, жас өнерпаздарға жылы лебіздерін жеткізді.
--------------------------------------------------------------В честь Дня благодарности в нашей школе прошёл небольшой концерт, организованный учащимися 7 класса. Главной целью мероприятия было выразить благодарность окружающим людям, а также напомнить о важности доброты, уважения и взаимной поддержки. В ходе концерта ученики продемонстрировали свои творческие способности и представили зрителям различные номера.
В течение вечера ребята исполняли душевные песни, читали трогательные стихи и показывали красивые танцевальные номера. Каждое выступление произвело приятное впечатление на зрителей и подарило всем хорошее настроение. Кроме того, ученики искренне выразили свою благодарность учителям, родителям и друзьям.
Каждый номер концертной программы наполнил зал атмосферой тепла и радости. Подобные мероприятия имеют большое воспитательное значение, так как учат детей уважению, благодарности и умению ценить окружающих людей. В завершение вечера зрители поблагодарили организаторов и выразили тёплые слова поддержки юным артистам.
