«Үздік ашық сабақ» айлығы | «Лучший открытый урок»
02 ақпан мен 11 наурыз аралығында мектебімізде «Үздік ашық сабақ» айлығы ұйымдастырылуда. Аталған іс-шараның мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, озық тәжірибелерді насихаттау, білім беру үдерісіне заманауи әдіс-тәсілдерді енгізу және әріптестер арасында тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.
Айлық барысында мұғалімдер түрлі пәндер бойынша ашық сабақтар өткізіп, оқытудың тиімді әдістерін, цифрлық ресурстарды қолдану жолдарын, белсенді оқу стратегияларын таныстырады. Сабақтарда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және білім сапасын көтеруге бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
Ашық сабақтар педагогтер үшін тәжірибе алмасудың, кәсіби дамудың маңызды кезеңі болып табылады. Барша ұстаздарға шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!
--------------------------------------------------------------------В период с 2 февраля по 11 марта в нашей школе проходит месячник «Лучший открытый урок». Цель данного мероприятия – повышение профессионального мастерства педагогов, распространение передового опыта, внедрение современных методов обучения в образовательный процесс и создание площадки для обмена опытом между коллегами.
В рамках месячника учителя проводят открытые уроки по различным предметам, демонстрируя эффективные методики преподавания, использование цифровых ресурсов и активных форм обучения. Особое внимание уделяется развитию познавательной активности учащихся, их творческих способностей и повышению качества знаний.
Открытые уроки являются важным этапом профессионального роста педагогов и обмена практическим опытом.
Желаем всем педагогам творческих успехов и вдохновения!
