Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебім, саған мың алғыс! | Школа моя, тысяча благодарностей тебе!
25
май
2026

Мектебім, саған мың алғыс! | Школа моя, тысяча благодарностей тебе!

«Мектебім, саған мың алғыс!» атты соңғы қоңырау салтанатты шарасы өтті
Мектебімізде «Мектебім, саған мың алғыс!» атты соңғы қоңырау салтанатты шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ерекше әсерге толы жағдайда өтті.
Бұл күн мектеп бітіруші түлектер үшін балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басатын маңызды белес болды. Салтанатты жиын барысында мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымы түлектерге ақ жол тілеп, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Өз кезегінде түлектер білім мен тәрбие берген ұстаздарына алғыстарын айтып, мектепке деген ыстық ықыластарын жеткізді.
Мерекелік шара әсем әндермен, әсерлі құттықтаулармен және жарқын естеліктерге толы сәттермен жалғасын тапты. Соңғы қоңырау үні мектеп қабырғасындағы ұмытылмас күндердің символына айналды.
Барша түлектерге алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары нәтиже көрсетіп, армандаған мамандықтарына түсулеріне, өмір жолында мол табыс пен толағай жетістіктерге жетулеріне тілектеспіз!
-----------------------------------------------------------------
Состоялась торжественная линейка «Школа моя, тысяча благодарностей тебе!»
В нашей школе на высоком уровне прошла торжественная линейка «Школа моя, тысяча благодарностей тебе!», посвящённая празднику Последнего звонка.
Этот день стал особенным и незабываемым событием для выпускников, которые прощаются со школьными годами и вступают во взрослую жизнь. В ходе мероприятия администрация школы и педагоги пожелали выпускникам успехов, доброго пути и достижения поставленных целей. В свою очередь выпускники выразили слова искренней благодарности своим учителям за знания, поддержку и заботу.
Праздничная программа была наполнена красивыми музыкальными номерами, тёплыми поздравлениями и трогательными моментами, которые надолго останутся в памяти всех участников мероприятия.
Желаем всем выпускникам успешно сдать экзамены, поступить в выбранные учебные заведения, уверенно идти к своим мечтам и добиться больших успехов в будущем!


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: