Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Autumn Wonderland - 2025"
07
ноябрь
2025
"Autumn Wonderland - 2025"
7 қараша күні мектебімізде көңілді де әсерлі “Күзгі бал” мерекелік кеші жоғары деңгейде өтті!  Бұл ерекше кеште оқушылар өз өнерлерін, талғамдарын және шығармашылық қабілеттерін жан-жақты көрсетті.  Кеш бірнеше кезеңдерден тұрды:  Таныстыру,  Сән көрсетілімі,  Өнер сайысы,  Интеллектуалдық кезең, “Күзгі вальс” би кезеңі. Барлық қатысушылар ерекше дайындықпен келіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әділ қазылар алқасы сайыс нәтижесінде жеңімпаздарды анықтады:  Бас жүлде – 8 «Ә» сынып
“Қазақстанның болашағы” тақырыбында эссе байқауы
23
октябрь
2025
“Қазақстанның болашағы” тақырыбында эссе байқауы
Республика күнін және Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты іс-шаралар шеңберінде жоғары сынып оқушылары арасында “Қазақстанның болашағы” тақырыбында эссе байқауы өткізіліп, жұмыстары үздік деп танылған оқушылар марапатталды.
«Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты ұлдар жиналысы
13
октябрь
2025
«Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты ұлдар жиналысы
«Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты ұлдар жиналысы өтті Мектебімізде жас ұлдардың бойында жауапкершілік, адамгершілік және патриоттық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында «Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті. Арнайы қонағымыз – Абитилда Нұрислам Пернеханұлы өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жігіттерге үлгі боларлық ақыл-кеңестер айтты. Сондай-ақ, мектеп психологы оқушылармен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тұлғалық даму мен өз-өзін құрметтеу туралы маңызды ойлар айтты. Бұл
Оқушы жетістігі
13
октябрь
2025
Оқушы жетістігі
Қазанның 11-12і аралығында Таеквондо (WT)-дан ашық Халықаралық турнирінде мектебіміздің оқушылары:4”Б” - Муратбаев Тимур 🥇-орын5”А” - Мерей Алинұр 🥇-орын 9”Ә” - Байтик Санжар 🥈-орын 6”Б” - Жұмабек Айша 🥉-орын 3”Б” - Бекен Азамат 🥉-орын 8”Ә” - Жанділда Бексұлтан 🥉-орын иеленді.  Жаттықтырушылары:  Әкімжан Нұрболат, Қарасай Даулет Құттықтаймыз!👏🏻👏🏻
Аттестат табыстау рәсімі
13
июнь
2025
Аттестат табыстау рәсімі
Бүгін мектебімізде негізгі орта білім бітіруші түлектерге аттестат табыстау рәсімі өтті. 9 жыл бойы бірге оқыған шәкірттеріміз алғашқы үлкен белесті артқа қалдырды. Олардың әрқайсысының жүрегінде үміт, көздерінде жарқын болашақ бар. Аттестат – тек құжат емес, бұл — табандылық пен еңбектің жемісі.  Қуанышты сәттер, ұстаздардың ақылы мен достардың қолдауы – бәрі бір естелікке айналды. Оқушыларымызға жарқын болашақ, білім жолында сәттілік пен биік жетістіктер тілейміз!
"Жетістікке жетелеген жыл!" оқушыларды марапаттау кеші
22
май
2025
"Жетістікке жетелеген жыл!" оқушыларды марапаттау кеші
Бүгін мектебімізде ерекше толқу мен қуанышқа толы сәт өтті — оқу жылының қорытындысы ретінде «Жетістікке жетелеген жыл» атты оқушыларды марапаттау кеші ұйымдастырылды. Бұл кеш — тек марапаттау рәсімі ғана емес, бір жыл бойы жасалған еңбектің, табандылықтың, мақсатқа деген ұмтылыстың жемісі. Білім мен өнер, спорт пен тәртіп салаларында үздік шыққан оқушыларымыз арнайы алғыс хаттармен, дипломдармен, медальдармен марапатталды. Әр марапат — олардың еңбекқорлығы мен талпынысының нәтижесі. Шара
Оқушы жетістігі
12
май
2025
Оқушы жетістігі
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 7-ші Халықаралық ғылыми жоба байқауында  9 “Ә” сынып оқушысы Қожабек Ақниет  ІІІ орын  иеленді!   Жетекшісі Нурхан Заманбековнаға  алғысымызды білдіреміз!   Алға қойған мақсаттарыңыз биік, жетістіктеріңіз тұрақты болсын!
Сейсможаттығу - қауіпсіздікке бастар қадам!
30
апрель
2025
Сейсможаттығу - қауіпсіздікке бастар қадам!
Алматы қаласы ТЖ Департаменті Алмалы ауданы ТЖ бөлімінің білім беру мекемелерінде азаматтық қорғаныс саласындағы жаттығуларды өткізу жоспарына сәйкес М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназиясында 30 сәуір сағат 11:00-де сейсмикалық жаттығу өткізілді.  Жаттығу барысында оқу ғимаратында жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, оқушылар мен мұғалімдер шұғыл эвакуация тәртібін тәжірибе жүзінде орындады. Мақсат — төтенше жағдай туындаған кезде әр адамның өзін және
Оқушы жетістігі
12
апрель
2025
Оқушы жетістігі
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!  9-11 сәуір аралығында Астана қаласында “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушыларына арналған “Ғылым әлемін ашамыз” ғарыштық зерттеулер бойынша өткен конкурста біздің оқушылар жүлделі 3-орынды  иеленді.  Алдағы уақытта да шығармашылық шабыттарыңыз бен күш-жігерлеріңіз сарқылмасын! Жаңа биіктерден көріне беріңіздер!
Прокуратураның QR кодтары
08
апрель
2025
Прокуратураның QR кодтары
Оқушыларға қатысты буллинг және құқыққа қарсы іс-қимыл фактілеріне қарсы іс-қимыл бойынша, прокуратураның QR кодтары мектеп қабырғаларына және мектеп оқулықтарына орналастырылды.