Аттестат табыстау рәсімі
Бүгін мектебімізде негізгі орта білім бітіруші түлектерге аттестат табыстау рәсімі өтті. 9 жыл бойы бірге оқыған шәкірттеріміз алғашқы үлкен белесті артқа қалдырды. Олардың әрқайсысының жүрегінде үміт, көздерінде жарқын болашақ бар. Аттестат – тек құжат емес, бұл — табандылық пен еңбектің жемісі. Қуанышты сәттер, ұстаздардың ақылы мен достардың қолдауы – бәрі бір естелікке айналды. Оқушыларымызға жарқын болашақ, білім жолында сәттілік пен биік жетістіктер тілейміз!