Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп Президентін ұлықтау рәсімі өтті!
22
октябрь
2025
Мектеп Президентін ұлықтау рәсімі өтті!
Бүгін мектебімізде үлкен мәнге ие маңызды шара — мектеп Президентін ұлықтау рәсімі салтанатты түрде өтті. Іс-шара барысында былтырғы оқу жылының Президенті өз қызметінің бір жылдық есебін ұсынып, атқарылған жұмыстар мен жетістіктерді атап өтті. Сондай-ақ жаңа Президентке өз ізгі тілегін білдіріп, сенім жүктеді. Жаңа сайланған Президент сахна төрінде ант беріп, мектептің дамуына, оқушылардың мүддесін қорғауға, үлгілі көшбасшы болуға уәде етті. Министрлер құрамы таныстырылып, алдағы оқу жылына
Төтенше жағдай кезіндегі оқу-жаттығу
22
октябрь
2025
Төтенше жағдай кезіндегі оқу-жаттығу
22 қазан мектебімізде төтенше жағдай кезіндегі оқу-жаттығу өткізілді. Мақсаты – оқушыларды қауіпсіздік ережелерімен таныстыру және төтенше жағдай туындағанда дұрыс әрекет етуге дағдыландыру. Жаттығу барысында эвакуация тәртібі пысықталып, қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, оқу-жаттығу сәтті өтті.
«Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты ұлдар жиналысы
13
октябрь
2025
«Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты ұлдар жиналысы
«Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты ұлдар жиналысы өтті Мектебімізде жас ұлдардың бойында жауапкершілік, адамгершілік және патриоттық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында «Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті. Арнайы қонағымыз – Абитилда Нұрислам Пернеханұлы өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жігіттерге үлгі боларлық ақыл-кеңестер айтты. Сондай-ақ, мектеп психологы оқушылармен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тұлғалық даму мен өз-өзін құрметтеу туралы маңызды ойлар айтты. Бұл
Оқушы жетістігі
13
октябрь
2025
Оқушы жетістігі
Қазанның 11-12і аралығында Таеквондо (WT)-дан ашық Халықаралық турнирінде мектебіміздің оқушылары:4”Б” - Муратбаев Тимур 🥇-орын5”А” - Мерей Алинұр 🥇-орын 9”Ә” - Байтик Санжар 🥈-орын 6”Б” - Жұмабек Айша 🥉-орын 3”Б” - Бекен Азамат 🥉-орын 8”Ә” - Жанділда Бексұлтан 🥉-орын иеленді.  Жаттықтырушылары:  Әкімжан Нұрболат, Қарасай Даулет Құттықтаймыз!👏🏻👏🏻
Жас мамандар: Ізденіс. Жаңалық. Жетістік.
07
октябрь
2025
Жас мамандар: Ізденіс. Жаңалық. Жетістік.
Жас мамандар айлығы басталды! «Жас мамандар: Ізденіс. Жаңалық. Жетістік.» — дәл осы ұранмен бастау алған жас мамандар айлығының басты мақсаты – жас ұстаздардың кәсіби шеберлігін шыңдау, шығармашылық әлеуетін арттыру және білім беру үдерісіне тың серпін беру.  Бұл айлық аясында жас педагогтар өздерінің тәжірибесін бөлісіп, жаңа әдіс-тәсілдерді үйреніп, өз саласының үздігі болуға ұмтылады. Алда – қызықты кездесулер, шеберлік сабақтары, тәжірибе алмасу, жаңа идеялар мен табыстар! Жас мамандар –
Оқушылар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді
23
сентябрь
2025
Оқушылар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Мектебімізде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында «дропперство» тақырыбында түсіндірме жұмыстары өткізілді. Іс-шара барысында педагогтер мен сынып жетекшілері «дропперство» ұғымының мәнін түсіндіріп, оның қоғамға қауіптілігі мен салдары жайында жан-жақты мағлұмат берді. Оқушыларға банк картасын бөтен адамдарға беру, біреудің шотына ақша аударып беру немесе заңсыз әрекеттерге қатысу — қылмыстық құқық бұзушылық екендігі нақты мысалдармен
Чанчингин университеті өкілдерімен екіжақты меморандумға қол қойылды
22
сентябрь
2025
Чанчингин университеті өкілдерімен екіжақты меморандумға қол қойылды
Бүгін мектеп тарихында жаңа белес – Чанчингин университеті (Оңтүстік Корея) өкілдерімен екіжақты меморандумға қол қойылды! Бұл келісім біздің мектеп пен әлемдік білім беру жүйесі арасындағы мықты әрі өнімді ынтымақтастықтың бастауы болмақ. Аталған меморандум бойынша біз болашақта білім беру, мәдени алмасу және ғылыми зерттеулер саласында тәжірибе алмасамыз. Бұл қадам біздің білімімізді кеңейтіп, халықаралық аренада танытуға бағытталған зор қадам болып табылады!  Алдағы уақытта оқу мен зерттеу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы мектеп ұжымында талқыланды
10
сентябрь
2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы мектеп ұжымында
Бүгін мектебімізде ҚР Президентінің 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша жиын өтті. Кездесуде ұстаздар Жолдауда айтылған негізгі бағыттармен, соның ішінде білім беру сапасын арттыру, заманауи оқу бағдарламаларын жетілдіру, оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау мәселелерімен танысты. Жиын барысында мұғалімдер жаңа міндеттерді жүзеге асыру жолдарын талқылап, пікір алмасты. Әсіресе, жастардың құзыреттілігін арттыру, білім беруде инновациялық әдістерді қолдану және салауатты
«Салауатты өмір салты – оқу процесінің маңызды бөлігі»
09
сентябрь
2025
«Салауатты өмір салты – оқу процесінің маңызды бөлігі»
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 22 тамыздағы №3-05-4/5704-И хатына сәйкес, 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап оқу-тәрбие процесіне дене шынықтыруға арналған қысқа жаттығулар енгізілуде. Осыған орай, бүгін мектебімізде 1-11 сынып оқушыларына 3 минуттық дене жаттығуы ұйымдастарылды.
«Мектептегі қолайлы психологиялық орта — табысты оқытудың кепілі»
05
сентябрь
2025
«Мектептегі қолайлы психологиялық орта — табысты оқытудың кепілі»
Бүгін мектебімізде жаңадан келген әріптестерімізбен бейресми әрі мазмұнды кездесу өтті. Бұл шараның басты мақсаты – жаңа оқу жылының табысты басталуына оң ықпал ету, ұжым ішінде қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру және әрбір ұстаздың кәсіби әрі рухани тұрғыда қолдау табуына мүмкіндік жасау. Кездесу барысында ұжымда ынтымақтастық пен өзара түсіністікті нығайтудың маңызы атап өтілді. Жаңа әріптестеріміз мектеп өмірімен, дәстүрлерімен және ұжымдық құндылықтармен танысты. Сонымен қатар,