Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау жиыны
19
декабрь
2024

«Жас Қыран» және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау жиыны

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 1 және 5 сынып оқушыларын Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанаты өтті. 
Қабылдау рәсіміне 146 оқушы қатысып, оның ішінде 52 оқушы «Жас Ұлан» ұйымына, 94 оқушы «Жас Қыран» ұйымы қатарына қабылданды. Жылына екі рет өтетін жиынның бүгінгі өткізілген іс-шарасы үлкен дайындықпен ұйымдастырылып, өз дәрежесінде өтті. Мектебіміздің белсенді оқушылары, «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері мен ұланбасы салтанатты жиынды жүргізіп, ұйымның мақсат-міндеттері мен ережелерімен таныстырып, қатысып отырған барша көрермендердің көңілінен шығып отырды. Сценарий бойынша Мемлекеттік ту мен «Жас Ұлан» ұйымының туы ортаға маршпен шығарылып, әнұран орындалып, «Жас Ұлан» ұйымының әні шырқалды. Оқушылардың «Ант» қабылдау сәті де бір ерекше көңіл-күймен өтті. Ту түстес галстук пен төсбелгіні мектеп мұғалімдері мен ата-аналардың бірлесе отырып тағуы- бұл да бір есте қаларлық көрініс болды. 
Жалпы аталмыш іс-шара оқушылар үшін ұмытылмастай әсер қалдырып, жоғары қарқынмен атқарылып өткізілді. 
Іс-шара мектебіміздің әлеуметтік желісінде жарияланды: 
https://www.instagram.com/reel/DDwv15lsRPK/?igsh=MXV0bjA1dXp6aGg4dw==​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: