27
декабрь
2024
«Жаңа Жыл» мерекесі
24.12.-27.12.2024 ж. аралығында МАД тобынан бастап 11-сыныптарға Мектептің Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен Жаңа Жыл мерекесі өткізілді. Іс-шараның шымылдығын бастауыш сынып білім алушылары ашып, әсем әндер орындалып, би биленді. Ақшақар, Аяз ата, Ұлу, Жылан, т.б бүлдіршіндердің көңілін қуантатын кейіпкерлер ортада рөлдерді сомдады.
Мақсаты: Қыс мезгілінде болатын балалардың сүйікті мерекесімен таныстыру. Мерекелік көңіл күйлерін ояту.
Әр баланың мерекеге қатысуын қадағалап, мерекені балалардың естерінде қалатындай етіп өткізу, достық қарым-қатынас орнату көзделді. Балалар Жаңа жыл, қыс мезгілі туралы тақпақтарын нақышына келтіре айтып, хормен "Шырша","Жаңа жыл" әнін орындады.Сондай-ақ Ақшақар биін билеп өте қызықты ойын түрлерін көрсетіп, өз өнерлерін паш еткен бүлдіршіндер Аяз ата дорбасынан сыйлық тәттілерін алып мерекелік жақсы көңіл күймен аяқталды.