Оқушылар арасында тоғызқұмалақтан мектепішілік турнир өтті » КГУ «Школа-гимназия №136 имени М.Дулатова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушылар арасында тоғызқұмалақтан мектепішілік турнир өтті
26
март
2022

Оқушылар арасында тоғызқұмалақтан мектепішілік турнир өтті

«Балалар жылы» аясында ұйымдастырылған  «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты тоғызқұмалақтан  мектепішілік турнир өтті.
Сайысқа мектеп бойынша 10 оқушы қатысып, бақ сынады.
Тоғызқұмалақ - ұлтымыздың атам заманнан бері жалғасып келе жатқан, тамыры тереңге бойлаған дәстүрлі төл мұрасы. Сонымен бірге өресі биік бұқаралық спорт өнері.
Тоғызқұмалақ біздің ұлттық құндылығымыз, асыл мұрамыз. Біз тоғызқұмалақтың мәдени мұра ғана емес, жастардың зердесін, ойлау жүйесін жетілдірудегі маңызды зияткерлік спорттық ойын түрі екенін атап өтуіміз керек.
Турнирдің нәтижесі бойынша  тоғызқұмалақтан
I  орын: 11 «Ә» сынып оқушысы Жаксыгерей Ердаулет;
ІІ орын: 8 «А» сынып оқушысы Муратов Шахамир, 8 «Б» сынып оқушысы Жарылқасын Дария;
ІІІ орын: 10 «Ә» сынып оқушысы Смағұлов Рахат, 10 «А» сынып оқушысы Журмаганбет Имангали, 10 «А» сынып оқушысы Сарыбай Аружан иеленді.
Жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: