Оқушылар арасында шахматтан мектепішілік турнир өтті » КГУ «Школа-гимназия №136 имени М.Дулатова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушылар арасында шахматтан мектепішілік турнир өтті
25
март
2022

Оқушылар арасында шахматтан мектепішілік турнир өтті

Оқушыларды бірлікке жұмыла білуге, ұйымшылдылыққа баулу, ақыл ойын дамыту, білімдерін шыңдап ұлттық ойындарға  қызығушылықтарын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты шахматтан мектепішілік турнир өтті.
Сайысқа мектеп бойынша 16 шәкірт қатысып, бақ сынады.
Шахмат ойыны - спорттың жоғары дәрежелі зияткерлік түрі. Үлкен шыдамдылықты, шығармашылық ойлауды және өзін-өзі ұстай білуді талап етеді. Басқа спорттың түрлеріне қарағанда, бұл ойында ой жүйріктігі аса қажет. Сайысқа қатысушылар қарсыластарына дес бермей, жеңімпаз атану үшін барын салды.
Тұтастай алғанда ойын өте қызықты өтті. Ойыншылар өздерінің жарысқа қатысуларын кездейсоқ еместігін дәлелдеуге тырысып, небір тамаша ойын комбинацияларын қолданды. 
Ұлтымыздың ақыл-ой спорт түрі шахмат ойынынан  өткізілген мектепішілік жарыста белсенділік танытып, жүлделі орынға ие болған төмендегі шәкірттерімізді құттықтаймыз!!!
І орын: 10 «А» сынып оқушысы Мырзатаев Жанасыл;
ІІ орын: 11 «А» сынып оқушысы Асан Нұрхан, 7 «А» сынып оқушысы Нұрлан Ануар;
ІІІ орын: 4 «А» сынып оқушысы Аслан Алиша, 8 «Ә» сынып оқушысы Бақберген Айтуар, 8 «А» сынып оқушысы Амирхан Анар иеленді.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: