«Табиғаттың жас қорғаушылары» атты 1-4 сынып оқушыларына арналған экологиялық жоба » КГУ «Школа-гимназия №136 имени М.Дулатова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Табиғаттың жас қорғаушылары» атты 1-4 сынып оқушыларына арналған экологиялық жоба
14
февраль
2022

«Табиғаттың жас қорғаушылары» атты 1-4 сынып оқушыларына арналған экологиялық жоба

📢📢📢
Құрметті оқушылар ! ! !
«Табиғаттың жас қорғаушылары» атты 1-4 сынып оқушыларына арналған экологиялық жобамызға белсенді ат салысуға шақырамыз!
Жобаның мақсаты: Балалар мен ата-аналар бойында барлық тіршілікке сезіммен қарау, қайырымдылықпен қоршаған ортаға және табиғатты сақтауды қалыптастыру. Қоқысқа тастайтын заттарды тастамай бір зат ойлап шығару.
Мектептің негізгі міндеті – дені сау, қазіргі заман ағымына сай сауатты да инабатты ұрпақ тәрбиелеу, сонымен қатар баланың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, әрі еңбекке баулу. Балаға табиғаттағы әрбір өсімдікті, жануарлармен таныстыру, көрсету арқылы ғана экологиялық тәрбие бере аламыз. Қорыта келе мектептен  бастап қоршаған ортаны қорғауға, аялауға тәрбиеленген бала келешекте табиғат қамқоршысы болатыны сөзсіз.
Жобаға қатысушылар: 1-4 сынып оқушылары. Экомектеп жобасы аясында «табиғаттың жас қорғаушылары» тақырыбында ұйымдастырылып отырған іс-шара.
Жобадан күтілетін нәтиже:
· мектеп аумағында жайлы экологиялық орта қалыптастыру;
· балалар бойында экологиялық білімдерін жетілдіру;
· жоба тақырыбы бойынша ата-аналар бойында экологиялық жауапкершілік, білімдерін жетілдіру;
Халық ұғымында табиғат деген сөз жер – ана, туған жер, атамекен сөздерімен қатар тұрады. Ыбырай Жақаев мынадай даналық сөздер жазған: «Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Жер, су, ауа, адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына... Әрбір ағашты, әрбір бұлақты, жалғыз дәнді де ыждаһаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі». Халық даналығынан туған «Орман – жер сәулеті, ел дәулеті», «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Күте білсең, жер жомарт», т. б. аталы сөздер бала құлағына жастайынан сіңіп, ұлттық рухын қалыптастырады. Табиғат сұлулығы рухани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі.
@edu.almaty 
@almaty_mektepteri 



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: