15
сентябрь
2020
"Отбасым - бақыт мекенім" сынып сағаты


2020 жылдың 15 қыркүйек күні 1-11 сынып оқушыларына "Отбасым - бақыт мекенім" тақырыбында онлайн сынып сағаттары өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.