Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні » КГУ «Школа-гимназия №136 имени М.Дулатова» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
октябрь
2020

Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні

🖌Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) және ҚР ДСМ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бірлескен​ жоспары шеңберінде Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні қарсаңында психикалық​ денсаулықты​ сақтау мен нығайтудың әдістері туралы хабардарлықты арттыру мақсатында мектебіміздің педагог-психологтары Д.Сахибзадаева мен З.Б.Нұрғазинова 2020 жылдың 8-9 қазанында оқушылар мен ата-аналарға ақпараттық білім беру іс-шараларын өткізді. ​

🖌 «Балалардың психикалық денсаулығы» тақырыбында ата-аналармен онлайн кездесулер болып, ақпараттық материалдар мен бейнесабақтар таратылды. Сондай-ақ, 8-11 сынып оқушыларымен «Менің психикалық денсаулығым» тақырыбында онлайн сабақтар жүргізілді.

🖌 Іс-шараларды ұйымдастыру барысында педагог-психологтар бірлескен жоспар шеңберінде әзірленген материалдарды пайдаланды.

🖌 Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне арналған іс-шараларға қатысу арқылы ата-аналар психикалық денсаулықтың маңыздылығы және оларды нығайту дағдылары туралы хабардар болды.

🖌 Өйткені, бұл зорлық-зомбылықтың, суицидтік мінез-құлықтың және буллингтің алдын алуда маңызды құрамдас бөліктер болып табылады.
@almalyaudandykbilim
@dilla_hamitovna
@zlikha_nurgazinova
#психология
#психикалықденсаулық 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: