12
май
2026
«Ән ғұмырдың иесі»
Қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі, ақын әрі сазгер Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуына орай мектебімізде «Ән ғұмырдың иесі» атты сынып сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар ақынның өмір жолы мен шығармашылығына тоқталып, оның қазақ мәдениетіне қосқан зор үлесі туралы мәліметтермен бөлісті. Сондай-ақ, әсерлі әндер шырқалып, тәрбиелік мәні зор ой-пікірлер айтылды.
Тағылымға толы шара жас ұрпақтың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырып, рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.

