Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3797790
Есепші бөлімі:
+7(727) 3798178
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Көрісу күні – татулық пен ізеттің белгісі | Көрісу күні – символ единства и уважения
13
март
2026

Көрісу күні – татулық пен ізеттің белгісі | Көрісу күні – символ единства и уважения

Көрісу күні – татулық пен ізеттің белгісі
14 наурыз – Амал мерекесі, Көрісу күні мектебімізде ерекше аталып өтті. Бұл күні ұстаздар мен оқушылар бір-бірімен көрісіп, ақжарма тілектерін айтып, ұлттық дәстүріміздің мән-мағынасын насихаттады. Іс-шара барысында қазақтың салт-дәстүрлері таныстырылып, оқушылар ұлттық киім киіп, үлкендерге құрмет көрсетіп, бір-біріне амандық тілеп, жылы лебіздерін білдірді. Көрісу күні – адамдарды жақындастырып, сыйластық пен бірлікті арттыратын ерекше мереке. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар арқылы жас ұрпақ ұлттық құндылықтарды дәріптеп, салт-дәстүрімізді құрметтеуді үйренеді. Баршаңызды Көрісу күнімен құттықтаймыз! Ақ мол болсын, жылымыз берекелі болсын!
-----------------------------

Көрісу күні – символ единства и уважения
14 марта – праздник Амал, День Көрісу, был особенно отмечен в нашей школе. В этот день учителя и ученики приветствовали друг друга, обменивались искренними пожеланиями и знакомились с глубоким смыслом национальных традиций.

В ходе мероприятия были представлены казахские обычаи и традиции: учащиеся были в национальной одежде, проявляли уважение к старшим, желали друг другу благополучия и делились тёплыми словами. День Көрісу – это особый праздник, который сближает людей, укрепляет взаимное уважение и единство.

Благодаря таким воспитательным мероприятиям подрастающее поколение приобщается к национальным ценностям и учится уважать традиции своего народа.

Поздравляем всех с Днём Көрісу! Пусть будет изобилие и благополучие в каждом доме!


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: